«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теміржол жүк тасымалы кезінде екі есе алым болмайды

2022 жылғы 22 Тамыз
5221 просмотров

Қос алымды жою туралы шешім Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен Бизнестің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі кеңес барысында қабылданды.

«Атамекен» ҰКП бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, теміржол тасымалы саласындағы заңнамалық актілерге ревизия жүргізіп, сол операция үшін тасымалдаушы тарапынан екі есе алымды анықтады: «хабарлама келген соң 48 сағаттан кейін жүктерді сақтағаны үшін он еселенген айыппұлға, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондардың тұрып қалғаны үшін алым есептеледі».

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Алмаз Ыдырысов 2022 жылдың желтоқсанына дейін теміржол көлігімен жүк тасымалдау ережелеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін атап өтті.

«Атамекен» ҰКП мамандары бұл мәселені шешу отандық кәсіпкерлерге түсетін қаржылық жүктемені азайтады деп санайды. Кәсіпкерлер палатасы салалық заңнаманы қайта қарауға жұмысты жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер