«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда өңірлік кәсіпкерлер палаталары жұмысының тиімділігін қалай арттыруға болатыны талқыланды

2022 жылғы 17 Тамыз
- Алматы қаласы
9124 просмотров

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовтың сапары аясында Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы алаңында Ұлттық палатаның трансформациясы мәселелері талқыланды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, тартымды бизнес-ортаны қалыптастыру бойынша жұмыс бірінші кезекте өңірлік деңгейде жүргізілуі тиіс.

«Қазір кәсіпкерлер палатасы бизнес мәселелерін шешу үшін облыс әкімі мен прокуроры деңгейінде алаң ұсынады. Өңірлік палаталарға келіп түскен барлық өтінімді жедел пысықтап, бизнестің ең түйткілді және жүйелі мәселелерін қорытындылап, оларды осы алаңға шығару маңызды. Бұл жұмыс облыс әкімінің хаттамасына енгізіледі. Келесі кездесуде үш айдан кейін ӨКП директор атқарылған жұмыс және мәселені шешу бойынша қорытындылап, бизнес мәселелерін шешу динамикасын бақылай алады. Қатысу үшін адвокаттар палаталарын, қоғамдық заңгерлер палаталарын тарту қажет, алаңдарда туындайтын барлық маңызды мәселе айтылады», – деді спикер.

Мақсат Қиқымов әр өңір үшін жобаларға сапалы сараптама жүргізу, сондай-ақ салалық ерекшелікті ескерудің маңызын атап өтті.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге арналған «ШОБ 2.0» мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық платформа құру талқыланды. Мақсат Қиқымовтың айтуынша, кәсіпкерлерге арналған цифрлық платформа барынша пайдалы болуы тиіс. Басымдықта – деректердің өзектілігі, ақпаратты ұсынудың анықтығы мен жеделдігі. «Басқарудың бірыңғай жүйесінің» маңызды бөлігі – ШОБ жағдайын талдау, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін анықтау, өсу нүктелерін табу және басым салаларды қолдау бойынша әкімдікке ұсынымдар әзірлеу. Жүйелі тәсіл қала кәсіпкерлігінің интерактивті картасын жасау, салалардың «драйверлерін» айқындау, қаланың аудандық әкімдіктеріне бизнесті қолдау бойынша KPI ұсынуді көздейді.

Жақын арада кәсіпкерлерді автоматтандыру мен басқарудың заманауи цифрлық құралдарын пайдалану дағдыларына оқыту жобасын іске қосу жоспарлануда.

Кездесу барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов  орталық аппараттан келген делегацияға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысын таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер