«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кешенді жоспарды сапалы орындау қант импортына тәуелділікті жояды – Ұлттық палата

2022 жылғы 16 Тамыз
7591 просмотров

Қант саласындағы бизнес субъектілерінің бастамасы бойынша «Атамекен» ҰКП және қауымдастық өкілдері ұсынған іс-шаралар Үкіметтің Қант саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында қолдау тапты. Ұлттық палата сарапшылары бұл жоспар тиісті орындалса, онда елді қантпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

2021 жылы ішкі нарықтың қантқа қажеттілігі 532 мың тоннаны құрады. Бұл ретте отандық кәсіпорындар 226,7 мың тонна қант өндірді, соның ішінде меншікті шикізат есебінен – 35,6 мың тонна (6,6%) шығарылды, қалғанының бәрі импортталды: бір бөлігі қант түрінде (58%), бір бөлігі 266,3 млн доллар сомасында шикі қант түрінде (36%) әкелінеді.

 «Қант қызылшасын егуге қажетті алқаптар соңғы бес жылда теріс динамиканы көрсетіп, жыл сайын 15-20 пайызға қысқарып жатқанын атап өткен жөн», – деді ҰКП сарапшылары.

Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2022 жылы қант қызылшасына егіс алқабы 26,3 мың га жоспарланған, іс жүзінде 12,6 мың га ғана егілді.

«Мәселе мемлекет тарапынан шешімдер мен қолдау таппайтын проблемалардың түйінінде. Алайда, қазіргі кезде егістіктің төмендеуінің негізгі себебі жердің мелиорациялық жай-күйінің нашарлауымен қатар жүретін суару және дренаж жүйелерінің едәуір тозуы және істен шығуы болып отыр. Сонымен қатар, суармалы суға қатысты жағдай шешілмей тұр.  Атқарылған істі емес, жеке пайданы ғана ойлаған мердігерлер бірнеше жыл бойы каналдар салып жатыр, бәрі қазылып тасталған, су тіпті ескі арықтардан да өтпейді. Су суарудың соңғы нүктесіне дейін жеткенде су шығыны көп болып, 70%-ға дейін жетіп отыр», – деп атап өтті ҰКП өкілдері.

Қызылша егетін өңірлерде егіс алғаптары және суармалы судың тапшылығынан басқа қант қызылшасын егуде заманауи агротехнологияларды қолдану, соның ішінде ұсынылған ауыспалы егісті сақтау мәселесін шешу керек. Осы және басқа да жүйелі мәселелер «Қазақстанның қант және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ 2020 жылы ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп әзірлеген қант саласын дамыту жөніндегі жол картасының негізіне алынды. Бірақ құжат әлі қабылданған жоқ.

Сондай-ақ, Ресейдің 2022 жылдың наурызында ЕАЭО-ға қант экспортына енгізген шектеу шаралары Қазақстандағы қант нарығындағы жағдайды едәуір қиындатты.

Қазіргі кезде ел қант импортына тәуелді болып отыр. Мемлекеттік бағдарламалардағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізілген жоқ. Елді қантпен қамтамасыз ету үшін отандық шикізат негізінде толық өндірістік циклды дамыту арқылы өз қант саласын дамыту қажет.

«Қант зауыттарының қажеттіліктерін ескере отырып, өз шикізатымен қамтамасыз ету үшін оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру, сондай-ақ қант қызылшасы мен шикізатты тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтеу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, республиканы қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз етуге қойылған міндеттер мен Кешенді жоспардың жоспарланған іс-шараларының орындалуын нақты бақылау және мониторинг жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады», - деп атап өтті Ұлттық палата сарапшылары.

Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жұмыс нәтижесінде Үкімет қант саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Қант саласында жұмыс істейтін бизнес өкілдерінің бастамасымен «Атамекен» ҰКП және қауымдастық ұсынған шаралар қолдау тапты, атап айтқанда:

  • шикізатпен қамтамасыз ету үшін қант зауытынан 150 км радиуста қант қызылшасын өсіруге жарамды қолданыстағы егіс алқаптарына мониторинг;
  •  ауыспалы егісті ескере отырып, қызылша егетін өңірлерде, атап айтқанда Жамбыл және Алматы облыстарында 2026 жылға дейін қант қызылшасына арналған суармалы жерлердің алаңын 38 мың гектарға дейін ұлғайту;
  • жаңа су қоймаларының құрылысын әзірлеу және ескі су қоймалары мен суару массивтерін қалпына келтіру (Басқан, Бүйен, Покатилов су қоймалары);
  •   тұқымдар мен гибридтер бағасының өсуін ескере отырып, тұқым шаруашылығын субсидиялау нормативін қайта қарау.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер