«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда қой жүні мен терісінің көк тиын құны жоқ

2022 жылғы 15 Тамыз
- Алматы қаласы
6976 просмотров

Қазақстан мен Өзбекстан арнайы экономикалық аймақтарда бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін талқылады

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өзбекстанның «Узчармсаноат» былғары-аяқ киім және жүн-тері кәсіпорындары қауымдастығы төрағасының орынбасары Адхам Муидинов бастаған делегациясымен бизнес-кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы, Алматы өңірлік палатасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.

Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тоқыма, былғары галантерея, құрылыс материалдары, тамшылатып суару салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Алматы кәсіпкерлер палатасы аппаратының басшысы Тимур Бекеев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық ғасырлар бойы жалғасып жатқанын, бұл байланысты жаңа деңгейге шығару қажеттігін айтты.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық компаниялармен іскерлік және сауда байланыстарын орнатуда бизнестің сенімді серіктесі болады», – деп атап өтті Тимур Бекеев.

 Өзбекстанның «Узчармсаноат» былғары-аяқ киім және жүн-тері кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Адхам Муйдинов мемлекеттік деңгейдегі жүйелі қолдау былғары-аяқ киім және жүн-тері бағыттарын өзбек экономикасында ең жылдам дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналдырғанын айтты.

«Сала кәсіпорындары 600 миллион доллардан астам мемлекеттік қолдау алды. Бұл 600-ден астам жобаға арналған инновациялық бағдарламаны әзірлеуге және іске қосуға мүмкіндік берді. Бір салада біз 200 миллионнан астам долларға 100-ден астам жобаны жүзеге асырдық. Мысалы, 2021 жылы 10 миллион долларға 115 миллион жұп былғары аяқ киім шығарылды. Өткен жылы экспорт көлемі 21 миллион долларға артты», – деді Адхам Муйдинов.

 Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының құрылтайшысы Наталья Ахшабаева екі елдің жеңіл өнеркәсіптегі ынтымақтастығының зор  мүмкіндіктерін атап өтті. Қазір қауымдастық құрамында тоқыма, тігін, аяқ киім және тері бағыттарын біріктіретін 124 компания бар. Қазақстанда бұл салада 1100 компания жұмыс істейді, соның ішінде  980 компания – шағын бизнес өкілдері.

«Бұл жеңілдетілген салық режимі бар жеке кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Ірі компаниялар негізінен үлкен тапсырысқа бағытталған, қазір нарықтағы жағдай өте қиын. Өкінішке қарай, қазақстандық жеңіл өнеркәсіпте Өзбекстандағыдай мемлекеттік қолдау мен назар аздау. Біздің өндіріс өңдеу өнеркәсібі көлемінің тек 1%-ын ғана құрайды», – деп атап өтті Наталья Ахшабаева.

Қауымдастық құрылтайшысының айтуынша, Қазақстанда тоқыма өндірісі бойынша кластер құру немесе аяқ киім фабрикасын толық циклді ашу мүмкін емес. Елде фермадан фабрикаға дейін жеткізу тізбегі бұзылған. Фермерлер жүн өндіруге мүдделі емес, тері қабылдау пункттері жұмыс істемейді. Біздің тарихи қолөнеріміз – былғары өндіру, тері илеу, қой жүнін өңдеу жоғалған.

«Статистикалық мәліметтерді келтіре аламын: жыл сайын біз 450 тонна мақта, 25-37 мың тонна жүн және 7,5 миллион тері өндіреміз. Бірақ, дайын өнімнің 95%-ын біз импорттаймыз, себебі шикізат іс жүзінде қайта өңделмейді, барлық логистика бұзылған. 2019 жылы біз 36  мың тонна жүн жинадық, 27 мың тонна жойылды. Жай жиналып, босқа тасталды. Жүн дұрыс сақталмағандықтан шіріп кетті. Біздің фермерлер жеңілдікті қойдың басына ғана алады, ал оның терісі мен жүнін тапсырғаны үшін оған ешқандай субсидия берілмейді», – деп мәлімдеді қауымдастықтың құрылтайшысы Наталья Ахшабаева

Қазір қауымдастық қаржы және Индустриялық даму министрліктерімен тоқыма өндірісінің толық циклінің тізбегін қалпына келтіру қажеттілігі, жүнді субсидиялау, логистика, сақтау, тапсыру мәселелері туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Кездесу барысында екі елдің кәсіпкерлері ынтымақтастық және дайын өнімді Қазақстанға тікелей жеткізу, сондай-ақ Алматының арнайы экономикалық аймақтарында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелерін талқылады. Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Бас консулы Аброр Фатуллаев Алматы өңірлік палатасының басшылығына келіссөз алаңын ұсынғаны үшін алғыс айтып, кездесудің тиімділігін атап өтті. Тимур Бекеев ҰКП жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, тамшылатып суару салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін барлық күш-жігерді ұсынатынын айтты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер