«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы және Адвокаттар алқасы бизнестің құқығын қорғауда күш біріктірді

2022 жылғы 15 Тамыз
- Атырау облысы
9791 просмотров

Тараптар қолданыстағы өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде кәсіпкерлерге қатысты қозғалған істерде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық процестегі «әлсіз тұстарды» анықтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірде танымал адвокаттар Жанаргүл Сүндетқалиева мен Айдос Ибраимовпен кездесу өтті. Жиынға қатысушылар кәсіпкерлік субъектілердің істері бойынша адвокаттық практикада жиі кездесетін түйткілді мәселелерді талқылады. Бұл мәселелерді облыстық прокуратура жанынан құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының қарауына шығару жоспарланып отыр. Қатысушылардың пікірінше, «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында жарияланған экономикалық қайта құру шаралары жолында кәсіпкерлік субъектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз жауапқа тарту тәжірибесі дамуға айқын кедергі болып отыр.

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2022 жылдар аралығында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерді қайта қарау және талдау, оларды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тарту фактілерінің жолын кесуді тапсырғанын айта кеткен жөн. Соңғы 3 жылда Қылмыстық кодекстің экономикалық баптары бойынша істер саны республика бойынша 30%-ға, ал 2022 жылғы 5 айда 22%-ға төмендегенімен, бұл бағытта әлі де қауіп-қатерлер бар. Бизнесмендерге қатысты қозғалған әрбір бесінші қылмыстық істі прокурорлар негізсіз деп тоқтатады. Өткен жылы Қазақстанда экономикалық қызмет саласында 1707 іс тіркеліп, қаралды. Соның ішінде 444 іс (26%) ақталған негіздер бойынша тоқтатылды. Бұл ретте 115 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу 6 айдан астам уақытқа созылған.

 «Адвокаттар елімізде қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы кемшіліктер мен олқылықтарды жақсы біледі. Сондықтан Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы мен адвокаттар алқасы өзара іс-қимыл туралы қолданыстағы меморандум шеңберінде кәсіпкерлерге қатысты қозғалған істерде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге кіріспек. Ол үшін қылмыстық процестегі «әлсіз тұстарды» анықтау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыруға ниетті. Ведомствоаралық жұмыс тобы аясында уәкілетті мемлекеттік органдар және бірінші кезекте, облыстық прокуратурамен бірлесіп, оның жаңа басшысы Бауыржан Жұмақановтың басшылығымен өңірдегі бизнес ахуалды жақсартуға өз үлесін қосуды көздеп отырмыз. Осындай істерде тәжірибесі бар кәсіпкерлердің белсенділігіне үміттенеміз», – деп қорытындылады Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаев.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер