«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстан облысына Тюмень облысынан бизнес-делегация келді

2022 жылғы 02 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
11488 просмотров

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы шекара маңы ынтымақтастығы аясында Солтүстік Қазақстан облысына Түмен облысының делегациясы келді. СҚО Кәсіпкерлер палатасының алаңында екі өңір кәсіпкерлерінің бизнес-кездесуі ұйымдастырылды.

Тюмень делегациясының құрамында құрылыс/ТКШ, суды тазарту жүйесі; сондай-ақ аэрация қағидаты бойынша жұмыс істейтін автономды кәріз өндірушілері; құбыр прокаты және байланыстырушы бөлшектер; полимерлі-композитті материалдар; бұзылмайтын бақылау зертханаларына арналған жабдықтар; терезе профильдері; профильді ағаш; ағаш; жиһаз; автотехникаға қосалқы бөлшектер; гофротарлар және т. б салаларында жұмыс істейтін жетекші 17 компания болды.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Ахметов қонақтарды қарсы ала отырып, Солтүстік Қазақстан және Тюмень облыстарының көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктері барын атап өтті.

«Жақында біз Тюменьге жұмыс сапарымен бардық. Оның барысында қос өңірдің бизнесіне машина жасау, құрылыс және сәулет, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі және т.б. салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін жақсы мүмкіндіктер бар екенін байқадық. 2022 жылдың бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіпте 1,8%-ға өсуге қол жеткізді. Бизнесті дамытуға салынған инвестициялар 7,1%-ға артты. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 0,7%-ға өсті. Соның ішінде Ресейге экспорт үлесі 98%-ды құрады, немесе көрші елдің валютасына аударғанда бұл шамамен 12 млрд рубль, ал Ресейден импорт – 97% немесе 11,5 млрд рубльді құрады», – деп атап өтті Әлібек Әшметов.

 Осы жылдың 6 айында СҚО Ресей Федерациясына негізінен мал және өсімдік өнімдері (38%), сондай-ақ металдар мен олардан жасалған бұйымдар (36%) экспорттаған. Ресейден негізінен мал және өсімдік өнімдері (27%), машиналар, жабдықтар, көлік құралдары (31%) және химиялық өнімдер (19%) әкелінді.

Тюмень облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Юлия Шакурская өз сөзінде мұндай бизнес-кездесулер екі елдің экономикасының дамуына оң серпін беретіні туралы айтты.

«Расында да, бұл біздің қарымта сапарымыз. Көктемде біз Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер делегациясын Тюмень облысының аумағында қарсы алдық. Кездесу өте тиімді болғанын білемін, өйткені сіздің сапарыңыздан кейін бірден Тюмень кәсіпорындары Солтүстік Қазақстан кәсіпорындарымен экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл жайт біздің өңірлер арасындағы тауар айналымы арта түскенін көрсетеді. Біз үшін осы өңір, жалпы Қазақстан басымдыққа ие. Бұл жолы біз құрылыс индустриясының кәсіпорындарын әкелдік, өйткені өткен кездесудің қорытындысы бойынша Сіздің тарапыңыздан құрылыс материалдарына үлкен сұраныс бар екенін көрдік. Сондай-ақ, делегация құрамында мұнай сервистік компаниялар, машина жасау зауыттары және басқа да салалардың өкілдері бар», – деді Юлия Шакурская.

Бизнес-кездесу барысында екі шекара маңы өңірі арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары қаралды, сондай-ақ СҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Тюмень облысының сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл кезедсуден кейін Тюмень делегациясы «QYZYLJAR» АЭА жұмысымен танысып, содан кейін Нұр-Сұлтан қаласына барады. Онда мемлекеттік органдар, елорда, Кәсіпкерлер палатасының басшылығымен және өкілдерімен кездеседі, Қазақстандағы РФ Сауда өкілдігіне, «Астана – жаңа қала» АЭА-ға барады, іскерлік байланыстар жасайды, сондай-ақ елордалық кәсіпкерлермен жеке кесте бойынша екіжақты келіссөздер жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер