Индустрия министрлігінің құрылыс саласын реформалау ұсынысы реттеуді күшейтеді – Ұлттық палата
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Құрылыс және ТКШ комитеті алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылысы нарығын реформалауға қатысты ұсынысы талқыланды. Кәсіпкерлердің құрылыс саласын реформалау мәселесіне қатысты ортақ позициясы – бизнес қоғамдастық бірқатар түзетуді қолдамайды. Құрылыс компанияларының басшылары өзгерістер бәсекені арттырмайды, құрылыс саласын бақылауды күшейтеді деген пікірді білдіріп отыр.
«Жалпы мемлекеттік органдар құрылыс саласында экономикалық қанау жағдайын туындатуы ықтимал түзетулерді қабылдауға шақырып отыр. Комитет ұсынылған түзетулерге қатысты қарсы пікірінен таймайды – нарық қатысушыларының бәрі мемлекеттік орган пандемиядан кейін енді бас көтеріп келе жатқан құрылыс нарығын ойсырататын қару дайындап отырғанын түсінеді», – дейді «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанова.
ИИДМ ұсынысы: өзінің құрылыс техникасы болған кезде лицензия беруде талапты күшейту; ірі және орта бизнесті 1 млрд теңгеге дейінгі орта және кіші нысандар бойынша байқаудан шығару; байқауда тапсырыс берушімен келісілмеген мердігерлер тартылған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты бұзу; бір сарапшыға 50 есе мөлшердегі құрылыс-монтаж жұмысы бойынша жасалған кешісімшартты, 40 млн теңге техникалық бақылау келісімшарты сомасына шектеу бекіту. Бұл кәсіпкерлер келіспей отырған тұтас түзетудің аз ғана бөлігі, бұл түзетулер құрылыс саласын мемлекет тарапынан бақылауды күшейтетін тетіктерді арттырады деп есептейді.
Осы нақты жағдайда Ирина Манжанова «мемлекеттік органның өкілдері заңнамадағы бұрыннан келе жатқан олқылықтарды бүгінде маңызы жоқ әдістермен түзетуге тырысып отыр» деп атап өтті.
«Құрылыс саласында бизнесті бақылаудың градусыг жоғарылатуға тарысатын шенеуніктер оның дамуына ықпал етпейді, керісінше, экономиканың ірі секторын жоспарлы экономиканың қатаң шеңберіне қыса түседі. Әрине, бюрократтардың ойынша нарық бейімделеді, бірақ олай емес. Себебі нарықты мемлекеттік компаниялар емес, жеке кәсіпкерлік құрайды, нарықтағы ойыншылар да әртүрлі – ірі, орта, шағын кәсіпкерліктен тұрады. Алайда олардың бәрін табыс иабу, оны алдағы уақытта өркендеу мен өсуге жұмсау мүмкіндігі біріктіреді. Шағын фирма кішкентай нысанның құрылысын жүргізеді, табыс табады, өседі – үлкенірек нысан алады. Штатты арттыру қажет болса, жаңа жұмыс орны да ашылады. Жұмыс орны көп болса, ақша айналымы да ауқымды, шығын көбейсе – табыс артады. Шенеуніктер 90-жылдарда қалып қойған, бос нарық жоқ, мәселе қол алысып, иілумен шешілген кез болған. Қуанатыны, бұл баяғыдан-ақ сала еркін бәсекелестіктің заңымен және ережесімен жүреді. Ал мемлекеттік органдар механикалық бақылау дамуға ықпал етеді деп ойлайды – дегенмен ол артта қалған жоспарлы экономиканың ажырамас бөлігі», – деп атап өтті Ирина Манжанова.
Құрылыс және ТКШ комитеті қисынсыз, сондай-ақ Азаматтық кодекс пен қолданып отырған заңнамаға қайшы келетін шараларды енгізу – нарықты бақылау жан-жақтан және мыңдаған тетік арқылы жүргізілмеуі тиіс деп есептейді. Кәсіпкерлер орынды бақылау, ақшаның еркін айналымы, ашық нарықтың дамуы болғанын қалайды. Күре тамырды баса отырып аталған көрсеткіштердің дамуын күтугн болмайды. Қарқынды өсуін заңмен шектей отырып сыбайлас жемқорлықпен де күресу мүмкін емес. «Мемлекеттік органдар қабылатқысы келетін түзетудің бәрі, жұмсақтап айтқанда, қисынсыз және дағдарысқа қарсы, құрылыс саласының дамуын ынталандыруға бағытталған шынайы шаралардан гөрі, біреудің өрісін орындауға талпыну секілді» деп атап кеткен өтті Ирина Манжанова.
«Комитет мүшелерінің басым көпшілігі мемлекеттік сатып алға енгізуге ұсынылған өзгерістерге қарағанда, мемлекеттік органдардың лицензия беру, іскерлік құрылыс пен жер қатынасын реттеу бойынша ұсынған жаңалығын қолдайды. Мемлекеттік органдар ұснысын бағалай келе, келесі ақиқатты мойындау керек – мемлекеттік сатып алға қатысты айталған өзгерістер нарықты демнополизациялауға еш қатысы жоқ, себебі қысқа және ұзақ мерзімді келешекте мономполияның өсу қарқынын ынталандыратын кері функцияны атқарады. Бұл өзгерістер қолданыстағы жүйені қысқанжртуға да әсер етпейді – оның сәні мемлекеттік сатып алуды күрделендіру және бюрократтандыруда. Бастамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер де жоқ», – деді «Атамекен» ҰКП Төралқасы Құрылыс және ТКШ комитеті төрағасының м.а. Ирина Манжанова.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында құрылыс саласын реформалауға қатысты түзетулер осы саланы демонополизациялауға бағытталуы тиіс еді, бірақ керісінше ықпал етеді, нарықта монополистерді қолдап, жаңа талапқа сай келмейтін шағын құрылыс компанияларын нарықтан ысырады деп есептейді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: