«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібін кепілдендірілген тапсырыс арқылы қолдауды ұсынды

2022 жылғы 28 Шілде
5364 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанында Өңдеу өнеркәсібі комитетінің мүшелері егер кепілдендірілген сатып алу болса, кәсіпкерлерге даму үшін арзан несиелер қажет болмайтынына сенімді. Ұлттық палата алаңында бизнес-қауымдастық пен ведомство өкілдері бастама мен қолдау шараларын талқылады.

Жиында кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен қаржылай қолдау шараларын және өнеркәсіпті дамыту қоры ұсынатын шараларды талқылады, сондай-ақ ел ішіндегі құндылықтар мен экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасына қатысты бизнестің ұсыныстарын тыңдады.

 Қазіргі кезде өңдеу секторында кәсіпкерлер ұлттық жоба шеңберінде жеңілдікпен берілетін несие, кепілдіктер мен салық жеңілдігін алуға құқығы бар. Бұл ұлттық жоба «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламаларын қамтиды. Алайда Ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жықсылықов кәсіпкерлікті қолдаудың қазіргі тәсілмедесі қисынсыз деп атады.

 «Біз бюджет күшімен бюджеттік саясаттағы олқылықтарды жабуға тырысып жатырмыз. Статистикаға сүйенсек, үш жыл ішінде несиелеу үш есе өскені тіркелген. Мемлекетте мұндай ресурс жоқ. Жақын болашақта біз кепілдік беруге баса назар аударатын боламыз. Бұл құрал неғұрлым нарыққа бейімделген және нарықтық сигналдардың бұрмаланбауына ықпал етеді. Кепілдік мемлекеттік ресурстарды пайдаланбайды және банктердің ресурстарын ауқымды пайдалануға сүйенеді», – деп атап өтті вице-министр.

 Субсидиялаудан кепілдендіруге көшу біртіңдеп іске асады, қазір ведомствода іске асырудың егжей-тегжей жоспары талқылануда.

«QazTextileIndustry» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі» ЖК және ЗТБ өзін-өзі реттейтін ұйымының басқарма төрайымы Гүлмира Уахитова бюджетке түсетін жүктемені кепілдендірілген тапсырысқа өту арқылы азайтуға болатынын атап өтті. Ол үшін нарықтың сыйымдылығын зерттеу және кәсіпорындар арасында тапсырыстарды нақты бөлу қажет. Өз кезегінде бизнес инвестиция салуға дайын.

 «Тұрақты жұмыс істеу үшін бізге тапсырыс керек. Қазір сатып алу туарлы айтсақ, көбіне қызмет көрсету алдаү Өйткені тендерлерді тігін өндірісі жеңіп жатыр, бұл сектордың 30%-ы. Қалғаны шикізат түрінде шетел асып жатыр. Егер кепілдендірілген тапсырыс енгізілсе, шикізат компаниялары мен түпкілікті өнім шығарушылардың әлеуетін біріктіруге болады. Сонда ғана өндірісті  жергіліктендіру іске асырылады. Бізде мемлекеттік органдармен талқылап, пысықтауға дайын бағдарлама бар», – деді Гүлмира Уахитова.

 Өз кезегінде Тимур Жақсылқов бұл құралды оң бағалап, кемшін түсін атап кетті: сапа, инвестициялар мен жергіліктендіру жағын жетілдіру керек.

 «Егер біз осы үш шартты нақты қамтамасыз ете алсақ, онда механизм жұмыс істей бастайды», – деді спикер.

2022 жылы өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін бірден екі лизингтік қаржыландыру және өнеркәсіпті дамыту қорынан несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бірінші бағдарлама шағын және орта бизнеске бағытталған, онда қаржыландыру сомасы жылдық 3% мөлшерлемемен 1 млрд теңгеге дейін құрайды. Екінші бағдарлама ірі қайта өңдеушілерге қолжетімді, шарттар бойынша қаржыландыру сомасы 7% мөлшерлемемен 1 млрд теңгеден бастап құрауы тиіс. 2022 жылы бағдарламаларды іске асыруға барлығы 335,7 млрд теңге салынды.

«Бірінші кезекте бағдарлама аясында жабдықтар сатып алу, жаңғырту немесе жаңа зауыт салу жобалары қаржыландырылады. Өтініш берушінің жеке қатысуы жоба құнының кемінде 15%-ын құрауы тиіс», – деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер