«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«СТ-KZ» және индустриялық сертификатты біріктіру мүмкін емес – Ұлттық палата

2022 жылғы 27 Шілде
6380 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары «СТ-KZ» формасындағы тауардың шығу түбі туралы сертификат пен индустриялық сертификатты біріктеру мүмкін емес деп санайды. Өйткені екі құжат арасында бірнеше негізгі айырмашылық бар. ҰКП сарапшылары сертификаттарды ықтимал біріктіру мәселесін талқыламас бұрын олардың функциясына мұқият зер салу керек деп санайды.

Индустриялық сертификатты беру процесінде салалық қауымдастықтың рөлі зор. Қауымдастық қорытынды шығарады, бірақ тауардағы ішкі нарықтық құндылық үлесін есептеуді қамтамасыз ете алмайды. Ал «СТ-KZ» сертификаты сараптамалық ұйым берген сараптамалық акті негізінде беріледі. Сараптамылқ ұйым да өндірістік қуаттың нақты есебін шығара алмайды. Өз кезегінде Ұлттық палата екі құжаттың нормативтік құжаттарға сәйкес берілгенін тексереді.

 «Атамекен» сарапышлары индустриялық сертификат пен «СТ-KZ» сертификатын мынадай себептерге байланысты біріктіру мүмкін емес деп санайды:

1-жағдай. «СТ-KZ» сертификаты ҚР сауда және интеграция министрлігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі бұйрығымен белгіленген өлшемдерге сәйкес Қазақстанда шығарылған тауарға беріледі. Яғни, тауар толығымен Қазақстанда шығарылған болуы мүмкін. Мысалы, пайдалы қазбалар,  жануарлар, өсімдік тектес өнімдер. Немесе егер өндірісте шетелдік материалдар қолданылған болса, тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған тауарға беріледі. Индустриялық сертификат тауар өндірушіге ҰКП Төралқасының шешімімен бекітілген ережелерге сәйкес беріледі және оның нақты тауар өндіре алатынын растайтын құжат», – деп атап өтті Ұлттық палата сарапшылары.

Осы ретте  СТ-KZ сертификаты екі мақсатқа беріледі. Бірі – өндірісте пайдаланылатын материалдарға барлық шот-фактура талап етілетін тауар партиясына беріледі. Екіншісі – материалдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар негізінде қаржылық және уақытша жүктемені төмендету үшін енгізілген сериялық өндіріске беріледі. Бірінші түрі тауардың шығу түбі туралы расталмаған деректерді беру фактісін төмендетеді.

Индустриялық сертификат қазақстандық өндіріс деп белгіленген импорт тауарларды жеткізу ықтималдығын жоймайды. Өйткені индустриялық сертификат сериялық өндіріске берілетін «СТ-KZ» сияқты кәсіпорынның белгілі бір тауарды өндіруге мүмкіндігі  барын растайды.

 Реттелетін сатып алу шеңберінде тауарды жеткізу кезінде «СТ-KZ» сертификатын көрсету талабы тауарды өндірушілерді қолдау шарасы болып саналады. Өйткені импорттаушылар мен алып-сатарларда тауарды жеткізу кезінде оның шығу түбі туралы сертификат бола бермейді.

 2-жағдай. ҰКП деректері бойынша қазіргі кезде салалық қауымдастықтардың барлығы индустриялық сертификатты беруді іске асыра бермейді. Мысалы тамақ өнеркәсібі саласында индустриялық сертификатты беруге мүдде танытқан қауымдастық жоқ. Ұлттық палата мамандары реттелетін  сатып алу шеңберінде пайдалы қазбалар, жануарлар, өсімдік тектес өнімдерге индустриялық сертификат беру жөніндегі талапты енгізу орынсыз деп санайды, өйткені оған сәйкес өнеркәсіптік өндіріс жоқ.

«Индустриялық сертификат алған кәсіпкерлік субъектілерінің бір бөлігі тауарды жеткізу кезінде «СТ-KZ» көрсету қажеттігін алып тастау орынды деп санайды. Өйткені сертификат алуды қосымша қаржылық жүктеме ретінде бағалайды. Алайда, бұл сертификат болмаса, отандық өнім деген желеумен елге импорттық тауарды жеткізу тәуекелі пайда болады», – деп түсіндірді ҰКП сарапшылары.

 3-жағдай. Индустриялық сертификат беруді жүзеге асыратын салалық қауымдастықтар «СТ-KZ» алушыларды өндірушілер деп санауға болатынына күмән келтіреді.  Өйткені өндірушілерде индустриялық сертификат беру үшін салалық өлшемшарттарда белгіленген қажетті персонал мен жабдық әрдайым бола бермейді. Мысалы, «СТ-KZ» алған, өндірісінде небәрі екі тігін машинасы бар жеке кәсіпкер индустриялық сертификатты ала алмайды. Дегенмен сол жеке кәсіпкер Қазақстанда өсірілген малдың жүнінен отандық өнім шығара алады, өйткені салалық критерийлерге сәйкес оның кемінде 10 тігін жабдығы болуы тиіс.

 Қазіргі кезде индустриялық сертификаттың болуы міндетті талап көзделген тауарлар бойынша Мемлекеттік сатып алу шеңберінде (жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарлары, сондай-ақ машина жасау тауарларының бір бөлігі) мынадай схема қолданылады: сатып алуға қатысу алдында индустриялық сертификатты ұсыну қажет, ал қатысқан соң, тапсырыс берушіге тауарды жеткізу кезінде – «СТ-KZ» сертификаты сұралады.

 Осы ретте 2022 жылдың 21 маусымынан бастап «СТ-KZ» ұсыну жөніндегі талап құны мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға ғана, яғни құны 3 млн теңгеден асатын сатып алуға қолданылады.

Кәсіпкерге реттелетін сатып алуға қатысуға мүмкіндік беретін индустриялық сертификатты қолдану салалық қауымдастықтардың рөлін күшейтеді. Қауымдастықтар индустриялық сертфикатты беру-бермеу туралы негізгі шешімді қабылдайтын болады.

«Реттелетін сатып алуға қатысу үшін рұқсат индустриялық сертификат негізінде жүзеге асырылатын тауарлар өндірісінің жай-күйіне талдау жүргізу үшін қауымдастықтың салалық өлшемшарттары индустриялық өндіріске ынталандыруы тиіс. Демек, өнеркәсіптік өндіріске көшу көздейді. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілері индустриялық сертификат алу үшін бағдарлай алатын өндірістік жабдықтар мен кадр персоналына қойылатын бір мәнді және нақты талаптарды қамтуы тиіс», – деп мәлімдеді ҰКП сарапшылары.

Индустриялық сертификат тауарлардың жекелеген түрлері бойынша Мемлекеттік сатып алуға рұқсат берілетін құжат екенін ескере отырып, Ұлттық палатада реттелетін сатып алуда индустриялық сертификатты қолдану жөніндегі тауарлар номенклатурасын кеңейту орынды деп санайды. Палата сарапшылары бұл үдерісті Қазақстанда өндірістің бәсекеге қабілетті түрлерінің пайда болуы мен ұлғаюын ескере отырып, біртіндеп және нақты жүргізу қажеттігін атайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында индустриялық сертификат болған жағдайда ғана тауарлардың барлық тобы бойынша барлық реттелетін сатып алуға рұқсат беру қазіргі кезде мезгілсіз деп санайды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер