«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қостанай облысының прокуратурасы бизнес мүддесін қорғауға жауаппен қарауы тиіс – Қайырбек Сүлейменов

2022 жылғы 26 Шілде
5330 просмотров

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиында көтерілген басты тақырып – Қостанай облысында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шаралар. Кеңес қорытындысы бойынша өңірде бизнесті қолдау бағытында жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлердің құқығын бұзу фактілері әлі де тіркеліп жатыр. Кеңес прокуратураға өз мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды, ал облыстық әкімдікке – Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу себептеріне талдау жүргізуді ұсынды.

Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу туралы заң іс жүзінде күн сайын бұзылады: 2021 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 365 іс қозғалды. Мемлекеттік қызметкерлерге 28 млн теңге айыппұл салынды. 2021 жылдың алты айында кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің іс-әрекеттеріне шағымдана отырып, сотқа 216 талап арыз берген. Талап-арыздың үштен бірін соттар негізді деп тапты. Олардың басым бөлігі – 60%-ы Мемлекеттік кіріс органдарының әрекеттері мен актілері бойынша қозғалған.

«Фискалдық салада жүйелі бұзушылықтар байқалады. Жайылымдық алқаптармен қамтамасыз етудің қиын жағдайына қарамастан, жер мәселелерін шешуге жауапты мемлекеттік органдар микро бизнес субъектілеріне қатысты репрессивті шаралар қолданады. 2021 жылы мал жаю ережелерін бұзғаны үшін 6 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалды. Олар бойынша фермерлерге 5,7 млн теңгеге айыппұл салынды. Орталық мемлекеттік органдардың ойластырылмаған заң шығармашылығы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсету кезінде әкімшілік кедергілер келтіріп, ақталмайтын әуре-сарсаңға салады. Аудандық әкімдіктердің астықты форвардтық сатып алуды міндетті түрде келісу тәжірибесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратынын атап өткім келеді. Өйткені бұл тәжірибе әкімдерге кәсіпкерлердің қатысуға өтінімдерін қарауды субъективті түрде кешіктіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Жиын қорытындысы бойынша  Кеңес Ауыл шаруашылығы министрлігіне Qoldau.kz және Subsidy.plem.kz платформалардың ақпараттық жүйелері жұмыс істейтін «стандарттар» мен «субсидиялау ережелеріне» өзгерістер енгізуді ұсынды.  Қостанай облысының әкімдігіне кәсіпкерлікті қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің сатып алуды ұйымдастыру кезінде заңнаманы орындауын күшейту ұсынылды. Қостанай облысының прокурорына кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау саласына тарту заңдылығын қадағалауды күшейту және қылмыс жасау белгілері жоқ экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді ммүкіндігінше алып тастау ұсынылды.

 Қаржы министрлігіне үш департамент:  Мемлекеттік кірістер комитеті, мемлекеттік ішкі аудит және Қостанай облысы бойынша Қазынашылық комитетінің жұмысын соттар шығарған хабарламалар мен шешімдердің едәуір саны бойынша және олардың қызметін кәсіпкерлердің мүддесін ескере отырып түзету ұйымдастыруды талдау ұсынылды. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті түзетумен толықтыру және егер бұл іс-әрекеттер материалдық залал келтіруге әкеп соқса немесе салықтар мен алымдарды төлеудің толықтығы мен уақтылығынан жалтаруға себеп болса ғана салық есептілігін ұсыну мерзімдерін бұзғаны үшін жауапкершіліктің туындауын көздеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпарат «Атамекен» ҰКП-ның кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін берілуге тиіс.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер