«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» алаңында  Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шаралары талқыланды

2022 жылғы 15 Шілде
5088 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалуына қатысты баспасөз конференциясы өтті.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы Үкімет және жалпы елдің алдында тұрған сын-қатерлерді нақты белгілеп берді.

 «Қазіргі экономикалық жағдайда елдегі барлық институтқа бірігіп, Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді бірлесіп орындауға күш салу маңызды. Біз бүкіл бизнесті біріктірген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде кәсіпкерлер мен нарық қатысушыларына Үкімет және әкімдіктермен барлық аудандық және өңірлік палаталар мен алаңдар арқылы осы процеске белсенді қатысуға ұсынамыз, шақырамыз», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Қазіргі кезде Үкімет пен бизнес арасында диалог құру үшін ұсыныстарды жалпылау, оларды ведомстволар өкілдерімен талқылау және кейіннен іске асыру бойынша барлық мүмкіндік қалыптастырылды. Салалық жұмыс топтары әрбір министрлік жанынан құрылған, сондай-ақ Палата барлық негізгі мемлекеттік және ведомствоаралық комиссиялардың құрамына кірген. Апта сайын Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен жиындар өткізіледі. Жақында Премьер-министр деңгейінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды.

«Біз фермерлерге қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын әзірлеуді бастадық. Бізде бұрын ауыл шаруашылығы министрлігіне елдегі қант өндірісін дамытудың салалық бағдарламасына енгізу үшін жіберген барлық салалық сараптама және қант бойынша ұсыныстар кешені бар», – деп атап өтті ҰКП басшысы.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін құрылымдау, орындау, бағалаудың барлық кезеңінде жеке бизнесті толыққанды әріптестер ретінде жұмылдырмаса, экономиканы әртараптандыру мүмкін емес. Кәсіпкерлерден үнемі түрлі ұсыныстар келеді, бірақ мемлекеттік органдар оларды жұмысқа әрдайым қабылдай бермейді. Бұл ретте мемлекеттік жоспарлау жүйесі экономика салалары арасында теңдестірілген және міндетті көрсеткіштер негізінде құрылуға тиіс.

«Егер біз нарықты салалық бизнес-жоспар ретінде есептесек және ішкі нарықты шартты түрде 60 немесе 70% қантпен, құс еті немесе сүтпен қамтамасыз ету көрсеткішін қойсақ, онда қаржылай және қаржылай емес қолдаудың барлық шарасы, қажетті инфрақұрылым, жер, кадр және басқа ресурстар осы мақсатқа жету үшін жұмыс істеуі тиіс», – деп түсіндірді Райымбек Баталов.

Сонымен қатар баспасөз конференциясында ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Жигули Дайрабаев сөз сөйледі. Спикер қазіргі кезде азық-түлік қауіпсіздігі – бірінші міндет екенін атап өтті.

«Азық-түлік өнімдеріне баға өсіп жатыр, аграрлық елдерде астық өнімділігі төмендеп барады. Қарыз қаражат, суармалы су, тыңайтқыштардың жеткіліксіздігі және басқа да көптеген фактор сала дамуына кедергі болып тұр. Саланың тиімді дамуын ауыл шаруашылығы техникасы паркінің ағымдағы жай-күйі тежеп отыр, парктің тозуы 80%-ды құрайды. Сондықтан мен агроөнеркәсіп кешені нарығына қатысушыларды біздің Президент қойған міндеттерді ақылдаса шешу үшін бірігуге шақырамын», – деді Жигули Дайрбаев.

Спикер сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасына салынатын утиль алымын да айта кетті.

«Президент ӨКМ операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру механизмін енгізуді тапсырды. Бірақ бұл шара жеткіліксіз болуы мүмкін, Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мүмкін емес. Бүгінде фермерлер өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде оның құнына қосымша 7 млн теңгеге дейін утиль алымын төлейді, бұған қоса 12% мөлшерінде ҚҚС төлейді. Осының барлығы ауыл шаруашылық техникаларын мүлде қол жетімсіз етеді.  Ауыл шаруашылығы техникасына утиль  алымын жою техникалық паркті жаңарту мәселесін шешуге көмектесер еді»,–  деді бизнесмен.

«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова Мемлекет басшысы айтқан нарықтық құралдарды енгізу және қолданыстағы процестер мен механизмдерін жаңарту мәселелеріне тоқталды.

Қаржыгердің айтуынша, банктік несиелеу – бизнесті қаржыландыру мүмкіндігінің бір ғана түрі. Нарық толыққанды жұмыс істеуі үшін және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне қол жетімді болуы үшін маңызды макроэкономикалық мәселелерді шешу қажет.

«Бізде Самұрық-Қазына қоры бар. Ел жалпы ішкі өнімінің 37%-ы компанияның активтерінен құралады. Өткен жылғы шоғырландырылған есептілік деректері бойынша, олардың қарыз алу көлемі – негізінен еурооблигациялар шығару, 7,7 трлн теңгені құрайды. Бұл корпоративтік қарыз алушыларға берілген барлық несие портфелінің 97%-ы. Бұл іс жүзінде баламалы экономика. Осы тартылған ресурстардың 80% - дан астамын «Самұрық-Қазына» тұрақты валютада және шетелден тартты. Бұл ретте олар зейнетақы активтеріне қол жеткізе алды, шамамен 1,7 трлн зейнетақы активтері есебінен орналастырылды. Корпоративтік қарыз алушылардың мұндай мүмкіндіктері бар ма? Жоқ. Егер сіз салыстыратын болсаңыз, онда зейнетақы активтері есебінен корпоративтік сектор облигацияларының үлесі  «Самұрық-Қазынаның» үлесіне қарағанда 100 есе аз болды. Бізде қатарлас квазимемлекеттік жүйе бар, ол кезде даму институттары тікелей бюджет ақшасы есебінен несие алады, ал «Самұрық-Қазына» іс жүзінде отандық банк жүйесіне ықпалдастырылмаған. Бұл олқылықтарды тудыратын жайт»,  – деді Елена Бахмутова.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы бизнес тарапынан тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыру кезінде қарыз алушылар бүкіл әлемдегі сияқты стандарттың жол берілетін ең төменгі деңгейіне сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Ашықтық боулы керек. Әйтпесе, корпоративтік портфельдің бір бөлігі есептен шығарылған кез қайталануы мүмкін.

«Сондықтан ұсыныс ретінде бизнес пен несие беруші ұйымдар арасында түсіністік болғанын қалар едік. «Атамекен» ҰКП алаңы – бізге осындай мүмкіндіктер беретін орын. Біз макроэкономикалық тәсілдер тарапынан әрекет етуге және базалық тәсіл – инфляцияны төмендетуге шақырамыз. Бізге қатар қаржы жүйесін құратын экономикадағы мемлекеттік секторды азайту керек, бізге жеке нарықпен бәсекелеспейтін, керісінше синергияны құратын «Бәйтерек» құрылымындағы даму институттарымен тиімді өзара іс-қимыл орнату қажет. Біз нарық қағидаттары негізінде капитал нарығын қайта іске қосуымыз керек және негізгі түрткі зейнетақы активтері болуы мүмкін. Оларды сақтықпен, бірақ біртіндеп және абайлап нарыққа шығарып, экономиканы дамыту үшін пайдалану керек», – деп атап өтті Елена Бахмутова.

Сөз соңында Райымбек Баталов Мемлекет басшысы қойған барлық міндетті шешу, экономиканы нақты әртараптандыру үшін мемлекеттік аппарат пен бизнес қоғамдастықтың үйлесімді жұмысы қажет екенін тағы да атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер