Түркияның кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі Қазақстанда қолданылады
«Атамекен» ҰКП өкілдері Түркияда қолданылатын шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдаудың тиімді шараларын KOSGEB ШОБ-ты қолдау жөніндегі түрік агенттігінің штаб-пәтерін аралау барысында зерттеді.
«Түркияда шағын және орта кәсіпорындардың саны ел экономикасының 90%-ын құрайды. KOSGEB бизнесті қолдауда ауқымды әрі тиімді, әсіресе нәтиже беретін құралдарға ие. Сондықтан біз үшін KOSGEB тәжірибесін зерттеу өте маңызды», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.
KOSGEB – тікелей Түркия президентіне бағынатын Ғылым, өнеркәсіп және технологиялар министрлігі жанынан 1990 жылы құрылған агенттік. Бұл ұйымның өкілдіктері бүкіл ел ауқымында ашылған – әр қалада дерлік KOSGEB өңірлік орталығы жұмыс істейді. 2021 жылы ұйымның жылдың бюджеті 2,4 млрд долларды құрады.
Қаржылай қолдау құралдарынан бөлек, KOSGEB түрік кәсіпорындарына техникалық және экономикалық мәселелерді шешу, жұмыстың сапасы мен технологиялық деңгейін арттыру, өнімді нарықта ілгерілетуде жаңа мүмкіндіктерін ұсыну, процестер мен қызметтерді цифрландыруда көмек көрсетеді.
«Технологиялық инкубаторлар» деп аталатын шағын және орта бизнесті технологиялық дамыту орталықтарының жұмыс тәжірибесі қызықтырды. Бұл орталықтар ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялауға көмектеседі. Бұл жерде бизнесмендерге тегін орынжай, техникалық және қаржылай қолдау көрсетіледі», – деп атап өтті Тимур Жаркенов.
Тәжірибе алмасуды қарқындату үшін тараптар жақын арада «Атамекен» ҰКП мен KOSGEB арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы уағдаласты.
Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және түрік кәсіпкерлері арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізу көзделген. Бірлескен кәсіпорындар құру және өзара тиімді серіктестік қалыптастыру мүмкіндігін зерделеу үшін Қазақстанға 50 түрік кәсіпкерінің сапары жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: