«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркияның кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі мол – Ұлттық палата

2022 жылғы 08 Шілде
6109 просмотров

  «Атамекен» ҰКП  делегациясы Анкарада  

«Атамекен» ҰКП өкілдері халықаралық тәжірибені зерттеу және ынтымақтастықты жолға қою үшін Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары одағы (ТОББ)  және KOSGEB Түркияның ШОБ-ты қолдау жөніндегі агенттігінің Анкарадағы бас кеңселеріне барды.

«Түркияның кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамытудағы тәжірибесі қарқынды. Бұл елде шағын және орта бизнес, туристік сала, инфрақұрылым және агроөнеркәсіп кешені, экономиканың негізін құрайтын жеңіл өнеркәсіп өте белсенді дамып жатыр. Қазақстанның да осы салалардағы даму әлеуеті жоғары. Бізге Қазақстанның кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру үшін озық халықаралық тәжіибелерді зерделеп, анағұрлым тиімді құралдарды қолдану керек», – деп атап «Атамекен» ҰКП  басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

 Қазақстандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері ТОББ қызметінің құрылымымен танысты. Делегация өкілдері түріктердің мемлекетпен өзара іс-қимыл жасау, шағын және орта бизнес, адами капитал, базалық салалар мен қаржы секторын дамыту, сондай-ақ салалық және өңірлік даму мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.

«ТОББ 365 жергілікті палата мен тауар биржаларын, 65 салалық ассамблеяны біріктіріп, сондай- 1,5 миллион қатысушы – компаниялар мен кәсіпкерлерді қамтиды. Одақтың кәсіпкерлікті дамытуда және түрлі бағыттарды реттейтін заңнамалық базаны қалыптастыруда мол тәжірибесі бар», – деп ақпараттандырды ТОББ мамандары.

 Кездесу барысында түрік кәсіпкерлер одағын қаржыландыру тәжірибесі де қызығушылық тудырды. Түрікияның ұлттық заңнамасына сәйкес жергілікті кәсіпкерлерге Түркияның палаталары мен биржалары одағына мүше болу міндетті. ТОББ-ның негізгі кірісі – міндетті жарналар мен ақылы қызметтер: мүшелікке кіру және жыл сайынғы жарналар, сондай-ақ кәсіпкерлердің тізілімін тіркеу және жүргізу, ұйымдарды сүйемелдеу, құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша қызметтер, тауарлардың шығу түбін растайтын сертификаттары, индустриялық сертификаттар беру, журналдар мен өзге де баспа басылымдарын шығару, бланкілерді шығару және ТОББ ұсынатын арбитраж қызметтерін ұсынудан құралады.

«Атамекен» ҰКП делегациясы Түркияның KOSGEB ШОБ-ты қолдау агенттігі ұсынатын шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шараларымен танысты.Онда түрік кәсіпкерлеріне техникалық және экономикалық мәселелерді шешу, жұмыстың сапасы мен технологиялық деңгейін арттыру, өнімді нарықта ілгерілетудің жаңа мүмкіндіктерін ұсыну, процестер мен қызметтерді цифрландыруда қолдау көрсетіледі. Қазақстан тарапының өкілдері ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерцияландыруға көмектесетін шағын және орта бизнесті технологиялық дамыту орталықтарын – «технологиялық инкубаторларды» дамытудың бірегей тәжірибесін қолға алды. Мұнда кәсіпкерлерге тегін үй-жай, техникалық және қаржылық қолдау көрсетіледі.

2005 жылдан бастап 2021 жылға дейін Түркиядан Қазақстанға инвестициялардың жалпы ағынының көлемі 4 252,1 млн долларды құрады, қазір Қазақстанда Түркиямен бірлескен қызмет нысанындағы 500-ге жуық заңды тұлға және Түркияның қатысуымен 3200-ден астам заңды тұлға жұмыс істейді.

 Қазіргі кезде Қазақстанда ірі түрік холдингтері де, шағын және орта бизнес өкілдері де жұмыс істейді. Түрік компаниялары қатысатын негізгі бағыттар инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, тамақ, жеңіл және фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісі, металлургия, мұнай және химия салалары. Түрік кәсіпкерлері қонақүйлер мен сауда орталықтарына, дистрибьюторлық желілерге, автомобиль бизнесіне, қаржы секторына және білімге қомақты инвестиция салды. Құрылыс секторындағы ынтымақтастық табысты дамып жатыр.

 Қазіргі геосаяси жағдайда жаңа логистикалық жолдарды пысықтау аса өзекті болып отыр. Сондықтан кездесу барысында түркиялық экспедиторлық компаниялармен қазақстандық тасымалдаушылардың Түркиядан Қазақстанға кері жүк тасымлдауына назар аударылды. Нақты кейстерде жүктерді Грузия арқылы транзитпен тасымалдау мүмкіндігі бойынша ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Екі елдің бизнес топтарының өкілдері басқа салалардағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының бірлескен өндірісін құру және ағаш өңдеу зауыттарын Қазақстанға көшіру мүмкіндіктерін талқылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер