«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

АЭС құрылысы: ҰКП мамандары Түркиядағы шағын-орта бизнестің тәжірибесін зерделеді

2022 жылғы 08 Шілде
6977 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдеріне Түркия Республикасында атом электр станциясын салу төңірегінде бизнестің қалай дамып жатқаны туралы айтылды.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов Түркияға іскерлік сапары аясында қазір «Аккую» атом электр станциясы салынып жатқан Мерсин провинциясындағы Сиркети ауданына барды.

 «Бұл үлкен өнеркәсіптік жоба. Жоба құрылысы аяқталғаннан кейін де оның айналасындағы шағын және орта бизнес белдеуін дамытуды ынталандыратын болады», – деді Тимур Жаркенов.

Қазіргі кезде  құрылыста 21 мың адам жұмыс істейді, ауқымды жоба аймақтағы жұмыссыздар санын едәуір қысқартты. Аймақ басшысының айтуынша, жұмыс ауқымын игеру үшін адамдарды көрші облыстардан да жалдауға тура келді.

 «Өңірдегі шағын және орта бизнесті ауқымды дамуы туралы айту әлі ерте. Дегенмен, АЭС салу – қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, көлік және оған сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ өңірдегі жалға берілетін тұрғын үй саласының дамуына серпін берді. Мысалы, техника саны 5 есеге артты. Қазір көлік саны 5 мың бірлікке жеткен, соның ішінде автобустар мен арнайы техника өндіріс үшін жалға беріледі», – деп атап өтті Тимур Жаркенов.

 ТОББ Түркияның Сауда палаталары мен тауар биржалары одағының аймақтық өкілдігінің мәліметінше, құрылыс кезінде жергілікті өнімдер көп пайдаланылады.

«Жалпы, АЭС құрылысы өңірде ғана емес, бүкіл елде бизнестің дамуын ынталандырады. АЭС салу үшін көптеген құрылыс материалы Түркияда шығарылатын болады. Мәселен, қазірдің өзінде кеңсе үй-жайларын салу кезінде тек түрік өндірісінің есіктері мен терезелері қолданылып жатыр», –  деді Қазақстан ұлттық палатасының өкілі.

 Бұдан басқа өңірде ірімшік пен кілегей өндірісі іске қосылған, бұрын мұндай өндіріс түрі бұл аймақта болмаған.

 «Өңірде шетелдік компаниялардың филиалдары ашылғанына қарамастан, мысалы, желдету жабдықтарын өндіру бойынша, дайындау кезінде жергілікті материалдардың 90%-ына дейін пайдаланылды және осы өндірістерде жергілікті тұрғындар жұмыс істейді», – деді ҰКП төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, жұмыс күшінің көптеп келуіне байланысты жаңа балабақшалар салынды.

 Алдын ала деректер бойынша, құрылыс аяқталғаннан кейін станцияда шамамен 4-5 мың қызметкер қалады, тағы 4 мыңға жуық қызметкер станцияға одан әрі қызмет көрсету үшін оқуға барады. Біртіндеп шетелдік жұмыс күшін оқудан өткен жергілікті мамандар алмастыратын болады.

АЭС іске қосылғаннан кейін елдің барлық электр энергиясының 15%-ын қамтамасыз ететін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер