«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚҮТ-2022 елордада: киімнен тіркемелерге дейін

2022 жылғы 05 Шілде
- Астана қаласы
7124 просмотров

11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Қатысуға 100-ге жуық астаналық компания өтінім берді.

Дәстүрлі түрде байқау үш номинация бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады.

"Жыл сайын байқау қала кәсіпкерлері арасында өзінің танымалдылығын жоғалтпайтыны қуантады. Биыл елордалық компаниялардан 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Әлеуетті қатысушылардың арасында өткен жылдардың қатысушылары, тіпті жеңімпаздар, сондай-ақ жаңадан келгендер, мысалы, біздің "Бастау" жобамыздың түлектері бар",-деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында трикотаж және тоқылған бұйымдар, аяқ киім, сыртқы және балалар киімдері, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдары, былғарыдан, киізден және ағаштан жасалған бұйымдар, медициналық бұйымдар, жиһаз, полиграфиялық және парфюмерлік-косметикалық өнімдер, сондай-ақ металл пластик өнімдері ұсынылды.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында макарон, шұжық, ет өнімдері, глютенсіз жартылай дайын фабрикаттар, ірімшіктер, балмұздақ, ұн және нан-тоқаш өнімдері.

«Үздік өндірістік тауарлар» номинациясында жарық диодты, темірбетон өнімдерін, желдетуге арналған сүзгілерді, лифтілік, эскалаторлық және траволаторлық жабдықтарды, пластикалық құбырларды, полиэтилен құбырларын, фитингтерді, құрғақ құрылыс гидрооқшаулағыш қоспаларын, мұнара крандарын, қасбеттік көтергіштерді, скотч пен стрейч-үлдірді, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, жоғары вольтты жабдықтар мен жол белгілерін өндіретін компаниялар үздік атағы үшін күреседі.

ҚР аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарлары мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын; және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі жақсарту бойынша конкурсты ұйымдастырушы растаған оң нәтижелері бар жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар конкурсқа қатыса алатынын естеріңізге сала кетейік. 

Байқау дипломанттары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталады. Байқау дипломанттары байқау эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.

"Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен дәстүрлі түрде өтетін республикалық байқауға қатысады", – деп атап өтті Бейсен Жолболдиев.

Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді. Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Көрме-байқау 11 шілде күні сағат 9-дан 18-ге дейін Кенесары көшесі, 32 мекенжайы бойынша орналасқан Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер