Ұлттық палата салық саясатын жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмысты қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Салық кодексіне түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Құжатта дивидендтерге салық салу, тау-кен секторы, мүліктік залалды өтеу, цифрлық майнинг, темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесін ұлғайту және басқа да бірқатар мәселе бойынша өзгерістер қарастырылған.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2013 жылдан бастап резиденттер еместер мен жеке тұлғаларға төленген дивиденттерге жеңілдіктер алынып тасталады (егер дивидентер сомасы 30 000 АЕК-тен асып кетсе).
Бұл ретте заңда:
- Резидент – заңды тұлғалар үшін жылдық жиынтық табысты түзету;
- бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізілген жағдайда, қор биржаларының (KASE, АХҚО) ресми тізіміндегі компаниялардың бағалы қағаздары бойынша төленетін дивидендтер бойынша жеңілдіктер сақталды.
Резидент –жеке тұлғалардың дивиденд түріндегі табысы 30000 АЕК (шамамен 96 млн теңге) шегінде болса, салық салудан босатылады. Бұл ретте, жеке тұлғалар – резиденттер алған дивидендтер түріндегі табысқа 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын болады.
Ірі қара мал, пестицидтер, барлық түрдегі асыл тұқымды жануарлар, қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтарды импорттаған кезінде есепке алу әдісімен импортқа ҚҚС төлеу бойынша жеңілдікті норма үш жылға қалпына келтірілді.
Бюджет немесе қорлардан залалды өтеуге алынған ақша қаражатын салықтан босату, тауарлар бойынша олар бүлінген не төтенше жағдай кезеңінде жоғалған жағдайда бұрын есепке жатқызылған ҚҚС-ның сомасын түзету көзделген. Қыздырып шегілетін темекі бұйымдарына арналған акциз ставкалары темекіге арналған ставкалар мөлшерінің 70% деңгейінде белгіленді, сондай-ақ өлшем бірліктері килограмнан данаға өзгертілді. Тау-кен секторына қосылған құн салығының мөлшерлемелері өзгерді. Бұл ретте, өнеркәсіптік өндіру 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін басталатын кен орындарын рентабельділік деңгейі 15%-ға жеткенге дейін, бірақ 5 жылдан аспайтын өндірісті пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату көзделген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 19 мамырда отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде Үкіметке тұрақтылық пен болжамдылықты көздейтін салық саясатының тұжырымдамасын Ұлттық палатамен бірлесіп әзірлеуді тапсырды. Мемлекет басшысы құжатта салық салудың негізгі тәсілдері ашылуы тиістігін атап өтті. Салық саясаты оның негізгі параметрлерінде тұрақты болуы керек. Мемлекет басшысы салықтарды төлеу процестерін жеңілдетуге, цифрландыру арқылы адами факторды алып тастай отырып, оларды әкімшілендіруге ерекше назар аудару керегін атап өтті. Президент бүгінгі және келешектегі шынайылық пен жалпымемлекеттік міндеттерді негізге ала отырып, салық саясатын ойластырып жүргізу керегін айтты.
Еске салайық, бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке тұлғалар үшін дивидендтерді босату бойынша жеңілдіктер мен жеке табыс салығы бойынша мөлшерлемені 5% деңгейінде сақтап, Мемлекет басшысының салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде осы мәселені қайта қарауды ұсынған болатын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: