«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың проблемалық мәселелері талқыланды

2022 жылғы 21 Маусым
- Алматы қаласы
5735 просмотров

Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің жұмыс сапары аясында Мемлекеттік кірістер комитетінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің лауазымды тұлғаларын, сондай-ақ кәсіпкерлерді шақыра отырып, кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара басталғанға дейін Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының кеден бекеттерінің басшылары кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдер мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы шекарадағы импорт пен экспорт рәсімдерін жеңілдету бөлігіндегі өз қызметі туралы айтып берді.

Кәсіпкерлер импорт пен экспортқа қатысты мәселелердің басым бөлігін шешу қиын екенін атап өтті. Олар енгізілген электрондық кезектерге қатысты проблемаларды айтты. Нұрлы жол бекетінде оператор болып табылатын компаниямен байланысты проблемалар туралы, сондай-ақ бүгінде жүк экспорты бойынша машиналардың өте үлкен кезегі пайда болғаны туралы сөз қозғалды. Шекара қызметіне қатысты проблема туғызатын мәселелер де бар.

Кәсіпкерлердің бір бөлігі электронды кезектердің тиімсіздігі туралы пікір білдіріп, бұрын жұмыс істеген ережелерді қайтаруды ұсынды. Көлік қызметтері орталығының жұмысына қатысты шағымдар болды. Бірнеше кәсіпкер электр автокөлігіне ҚҚС-ты алып тастау мәселесін, сондай-ақ логистикаға, шетелдік рұқсат бланкілеріне байланысты проблемаларды көтерді.

Азық-түлік өнімдерін өндіретін отандық компанияның өкілі электрондық кезек бойынша шектеулерге байланысты үш аптадан астам уақыт бойы Қытайға өз тауарларын шығара алмай отырғанын атап өтті.

Орталық деңгейде шешілуі қажет проблемалық мәселелерді Рустам Жүрсінов жеке бақылауына алды. Ол сыртқы экономикалық қызмет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуде маңызды болып табылатынын атап өтті.

 «Сыртқы экономикалық қызмет бәсекеге қабілетті өнім өндірудегі бірлескен қызмет және өндірілген  өніммен әлемдік нарықтарға шығу бойынша шетелдік әріптестер арасындағы ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық пен тұрақты байланыстар есебінен экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді. Күшті және өзін-өзі қамтамасыз ете алатын бизнес мемлекетке өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді. Сондықтан инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қолдау және қорғау бойынша теңдессіз шаралар қабылдануда», – деді бизнес-омбудсмен.

Сондай-ақ, ол «Атамекен» ҰКП-ның «Сатып алулардың бірыңғай терезесі» порталының мүмкіндіктері туралы айтып өтті. 2021 жылы 11 сатып алу алаңының периметрінде жалпы сомасы 9,7 трлн теңгеден астам сомаға 1 млн. 689 мыңнан астам шарт жұмыс істеді. Жобаны іске асыру басталғаннан бері нақты үнем 74 млрд. теңгені құрады. Сарапшылардың бағалауы бойынша сатып алудағы бюджеттің жыл сайынғы ысырабы кемінде 100 млрд.теңгені құрайды.

СЭҚ қатысушыларынан келіп түскен өтініштерді, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына кедендік тексерулер қорытындылары бойынша хабарламаларға қатысты түсетін шағымдарды талдау қазіргі уақытта кәсіпкерлердің кедендік әкімшілендіру саласындағы келесі проблемалық мәселелерге тап болып отырғанын көрсетеді. Бұл туралы дөңгелек үстел барысында Басқарушы директор – «Атамекен» ҰКП Құқықтық қорғау департаментінің директоры Қуанышыбек Мұқаш айтты.

  «Біріншісі - әкелінетін тауарларға қатысты баға ақпаратын қалыптастыру және тәуекелдердің баға бейіндерін қалыптастыру проблемалары. Бұл белгілі бір тауар түрлеріне баға көрсеткіштері қалай қалыптасатынын түсінбейтін бизнес үшін жабық тақырып. Мемлекеттік кірістер органдары СЭҚ қатысушысы мәлімдеген тауардың кедендік құнымен салыстыру ретінде пайдаланатын баға ақпараты МКК сайтында жарияланған деректерге сәйкес келмейді. Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастырған тауарлардың индикативті бағалары нақты бағалар көрсеткішінен бірнеше есе жоғары болады», - деп атап өтті Қуанышбек Мұқаш.

 Спикер МКК Ахуалдық орталығының (АО) жұмысындағы проблемаларды атап өтті, ол мемлекеттік кірістердің аумақтық органдарына көлік құралдары мен жүктердің кедендік санын тексеріп қарау өндірісі бойынша орталықтандырылған нұсқаулар береді және сонымен қатар АО осы жүргізілген тексеріп қараудың тиімділігі бойынша МКД рейтингін қалыптастырады.

   Кедендік тазарту кезеңінде де, кеденнен кейінгі бақылау барысында да мемлекеттік кірістер органдары тарапынан тауарлардың кедендік құнын заңсыз анықтау проблемалары бизнесті жүргізуге кедергі келтіреді. Спикердің айтуынша, ақшалай қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр.

  «Декларанттарға кеден органдарының қамтамасыз ету мөлшерінің сомасы оларды қалыптастыру көздеріне сілтемесіз беріледі. Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде бұрын енгізілген ақша сомаларын декларантқа қайтару мерзімдерін созу (2 айдан бастап және одан көп) орын алады. Кедендік баждар мен салықтарды қамтамасыз ету сомасын қайтарудың автоматтандырылмаған процесі сыртқы экономикалық қызметті жүргізуге кедергі келтіреді», - деп атап өтті Қуанышбек Мұқаш.

Сондай-ақ, тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік тексеруге қатысты проблема жөнінде де сөз қозғалды. Мемлекеттік кірістер органдарының кедендік бақылаудан кейінгі бақылау бөлімшелерінің біліксіздігі, тексерулердің сапасыз актілері және негізсіз тұжырымдар, кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу. Импортталатын тауарға қатысты мәлімделген ЕЭО СЭҚ ТН кодтарының негізсіз өзгеруі, тіпті осы тауар бойынша дәлелдемелер ұсынылса да осындай жағдай орын алады.

  «УСҚ жұмысын автоматтандыру, өткізу пункттерінде дамымаған кедендік инфрақұрылым мәселелері шешілген жоқ, тауарды жеткізуді бақылаудан алу рәсімін қолданудың бірыңғай тәжірибесінің болмауына байланысты Мемлекеттік кірістер органдары Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысты ЕЭО және ҚР кеден заңнамасында көзделмеген талаптарды қояды», - деді ҰКП өкілі.

Сондай-ақ, спикер ҚР ҚМ МКК-ның бизнес-қауымдастықпен өзара қарым-қатынасы әлсіз екенін атап өтті.

Талқылау барысында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл сыртқы экономикалық қызмет саласындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін ұсынымдар айтты.

Өз кезегінде мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің сұрақтарына толық түсініктеме берді, бірқатар нақты өтініштерді бақылауға алды.

 «Кәсіпкерлерді қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қабылданған шараларға қарамастан, шешуді талап ететін көптеген проблемалар әлі де бар. Бүгінгі кездесу бизнес-қоғамдастық үшін қолайлы жағдай жасауға және кәсіпкерлердің мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға септігін тигізеді деп сенемін», – деп атап өтті Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер