«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының кәсіпкерлері бизнес-омбудсменге өз проблемалары туралы айтты

2022 жылғы 20 Маусым
- Алматы қаласы
6916 просмотров

20 маусымда Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов кәсіпкерлерді жеке қабылдады.

Қабылдау ашық форматта өтті. Кәсіпкерлер бизнес-омбудсменге нормативтік құқықтық актілердің сақталмауына, ондағы олқылықтарға қатысты шағымданды.

«Масло-Дел» ЖШС директоры Павел Селиванов СЭС органдарының әрекетіне шағымданды, олар айыппұл салады және трансизомерлері бар майларды өндірістен алып тастауды талап етеді деді. 

Оның айтуынша, майда трансизомерлер 2%-дан артық болса, СЭС органдары бірден шара қолданады екен. Қазақстан қол қойған Қазақстан Республикасы аумағында Ресей Федерациясы және Белорусь Республикасы стандарттарын енгізу туралы бұйрықтар шара қолдануға бірден бір себеп болып тұр.

Бұл стандарттар өнімдердегі табиғи компоненттерді ескермейді. Оның үстіне олар (РФ Мемлекеттік стандарты) ресейлік және белоруссиялық өндірушілердің талаптарына және олардың өндірістік мүмкіндіктеріне, жабдықтарына арналған.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік стандарттар мемлекетаралық немесе мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданғаннан кейін қолданылады. Яғни, ҚР-да май өнімдерінде табиғи трансизомерлердің болуын және оларды зертханаларда зерттеуді іріктеудің басқа да ерекшеліктерін ескеретін өзінің ұлттық стандарттарын қабылдау мүмкіндігі болды және бар. Бірақ әлі күнге біздің Ұлттық Стандарттар белгіленбеген.

«Осыған қарамастан, СЭС органдары мен олардың лауазымды тұлғалары хаттама жасап, көп мөлшерде (5 млн.теңге) айыппұл салады және өндіріске тыйым салады. Олардың ойынша олар жоғарыда аталған Ресей Федерациясының мемлекеттік стандарттары мен Беларусь Республикасының мемлекеттік стандарттары талаптарына сәйкес келмейді-міс. Осылайша, трансизомерлерді пайдалануға тыйым сала отырып, пальма майын қолдануға итермелейді», - деп наразылықтарын білдірді кәсіпкерлер.

«Қазір жауап беру қиын. Келесі аптада сіздердің сарапшыларыңызбен кездесіп, бұл мәселені толығырақ талқылайық. Мұқият талдау қажет. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары бойынша қолданыстағы реттегіш құралдар мен талаптарды жою немесе қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізуге құқығым бар», - деді Рустам Жүрсінов.

«Абли-Құрылыс» ЖШС өкілі мүлікті, атап айтқанда «Double tree by Hilton Almaty» қонақ үй кешенін рейдерлік басып алу туралы айтты. Алаяқтық схема бойынша мүлікті төмендетілген бағамен сату арқылы аса ірі залал келтірілген. ЖШС өкілі мүлікті басып алу процесіне қатысатын бір күндік компанияларда аса ірі мөлшердегі алаяқтық схемалар мен ақша қаражатының айналымы фактілері анық болған жағдайда құқық қорғау органдарының қылмыстық іс қозғау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу бөлігіндегі әрекетсіздігіне шағымданды.

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдап, барлық мәселелер қаралып, бақылауға алынатынын хабарлады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов кәсіпкерлермен жеке кездесулердің маңыздылығын атап өтті.  

«Кәсіпкерлермен осындай форматта кездесу өте тиімді. Кәсіпкер сұрақ қойып, нақты жауап алады. Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы атынан Рустам Манарбекұлына кәсіпкерлермен сындарлы диалог құрғаны үшін алғыс айтамын», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Кәсіпкерлердің жеке қабылдауынан кейін мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті, онда өңірдегі бизнестің өзекті мәселелері талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер