«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ArtSport жобасына мемлекеттік бақылауды енгізуде мәселе көп – Ұлттық палата

2022 жылғы 20 Маусым
5226 просмотров

Бұл туралы бүгін ArtSport жобасы бойынша қоғамдық тыңдау барысында «Атамекен» ҰКП Жұмыспен қамту департаментінің директоры-басқарушы директор Айдана Тоғызбаева мәлімдеді. Талқылауға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ата-аналар да қатысты.

Мәдениет және спорт министрлігі спорт секцияларында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстың орындалуына жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Ведомство бақылау функцияларын жергілікті әкімдіктерге беруді қолдайды және бұл бастамасын қызметтерді жеткізушілердің жұмысқа жауапсыз қарайтынымен түсіндіреді.

  Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мамандары Мәдениет министрлігінің бастамасына түсініктеме бере отырып, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстың орындалуына мемлекеттік бақылауды енгізу негізсіз және қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келеді деп санайды.

 «Дене шынықтыру және спорт саласындағы әкімшілік жауапкершілік мәселелері жөніндегі реттеуші саясаттың консультативтік құжатына келетін болсақ, бұл норма енгізілсе,  кәсіпкерлерге қатысты реттеу күшееді. Бізде білім беру ұйымдарының тізілімі бар – олардың саны 930-ға жуық. Енгізілетін бақылауды секция немесе үйірме жобаға қосылғаннан кейін жүргізу дұрыс емес. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету үшін бірнеше ұйым, мысалы білім және мәдениет басқармалары қатысушының құжаттарын қабылдап, адалдығын тексеріп барып, жобаға қосатын болса. Сонда тәртіп орнап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендетіледі», – деп атап өтті Айдана Тоғызбаева.

 ҰКП өкілі егер «комисся құрамында бірнеше ұйым отырып, жеткізушінің құжаттар пакетін тексеріп, қабылдайтын болса», жобаның іске асуы сапалы болатынын атап өтті. Бұдан бөлек, «Атамекен» мамандары өңірлерде комиссия жұмысына қауымдастықтардың өкілдері қатыса алады деп санайды.

 Мәдениет және спорт министрлігі қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін күшейтіп, әкімдіктерге қосымша функциялар берумен қатар, бастапқы бұзушылық үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік белгілеуді ұсынды. Екінші және одан кейінгі бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК (61260 теңге) мөлшерінде айыппұл салу ұсынылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК (91890 теңге), ал орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (153150 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК (306 мың 300 теңге) мөлшерінде айыппұл салу ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер