«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар өнімдерді реттеу жүйесі тиімсіз – Ұлттық палата

2022 жылғы 21 Маусым
5282 просмотров

Мемлекеттік органның әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын реттейтін механизмі кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп отыр. Бекітілген талапқа сәйкес, өндірушіден 200 теңгеге алынған тауар дүкен сөресінде 230 теңгеден аспауы керек. Ал дүкенге жеткенге дейін шығынды есептегенде тауар құны 230 теңгеден асып кетеді. Осылайша, сатушы бекітілген бағадан қымбатқа келетін тауарды қалай арзан сатады деген сұрақ туындайды. «Атамекен» ҰКП сарапшылары бұл мәселеге қатысты талдау ұсынады

Толығырақ тарқатсақ...

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қалай белгіленеді.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың тізбесінде 19 түрлі өнім бар. Олар: ұн, нан, рожки, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және сары май, ет (сиыр еті, тауық еті), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз.

«Сауда қызметін реттеу туралы» заңда (9-бап) тауарларға шекті сауда үстемесінің мөлшері өндіруші бағасының немесе жеткізу шартында көрсетілген көтерме сауда өнім берушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайтын деңгейде белгіленген. Яғни, өндірушінің бағасынан сатушының бағасы 15 пайыздан аспауы керек. Талапты Сауда және интеграция министрлігі бекіткен.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының мұндай реттелу жүйесін қолдамайды.

Жергілікті атқарушы органдар өнім берушінің бағасын есепке алмайды

Алайда, бүгінде жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) «Сауда қызметін реттеу» заңның 9-бабын бұза отырып, өнім берушінің бағасын есепке алмай, әлеуметтік маңызы бар тауарларға барынша рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілейді.

Салдары. Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысымен облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда орталығының рұқсат етілген шекті мөлшері бекітілді:

1) ақ қауданды қырыққабаттың келісі 104 теңге;

2) картоптың келісі 140 теңге;

3) асханалық сәбіздің келісі 148 теңге;

4) жуаның келісі 86 теңге;

5) ақ қант – құмшекердің келісі 289 теңге;

6) күнбағыс майының литрі 767 теңге.

Сөреде сапасы төмен, арзан тауарлар көбейеді

Мұндай талаптың салдарынан сауда сөрелеріне арзан әлеуметтік тауарлар (мысалы, арзан күнбағыс майы) түседі. Бұл ретте неғұрлым қымбат және сапалы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіру және өткізу экономикалық тұрғыдан орынсыз болып қалады.

Салдары. Жұмыртқаға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасы белгіленген кезде экологиялық таза өнім өндірушілер нарыққа, бірінші кезекте сауда желілеріне қолжетімділікті жоғалтады. Соның салдарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатудың реттелмейтін нарықтарға өту тәуекелі туындайды.

Сонымен қатар, мұндай тауарларға баға белгілеуді осылайша реттеудің кәсіпкерлікті дамытуға басқа да теріс экономикалық әсері бар екенін ескеру маңызды.

Қосымша шығындарды ескеру керек

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер өндіріс кезінде инновациялық тәсілдерді қолданатын болса, сондай-ақ өндірілетін тауардың сапасын арттыру, өз бизнесін дамыту мақсатында өндірісті жаңғыртуға, персоналды оқытуға бағытталған қосымша ресурстарды тартатын болса, онда өндірісті жаңғыртуға жұмсалған қаражатты ескере отырып, тауарларды үкімет бекіткен бағада өткізу мүмкін емес. Тиісінше, кеңес беру саласының дамуын тежейді.

Мұндай тауарлардың бағасын реттегенде жанар-жағармай материалдары, су, жылу энергиясы, тасымалдау тарифтері және басқаларының бағалары мен тарифтерін ескеру керек. Олар тауардың қымбаттауына нақты себеп бола алады. Атап айтсақ, 2018-2022 жж. қаңтар кезеңінде дизель отыны бағасының 22,2%-ға дейін артты («Талдау» ИАҚ деректері).

Бұл ретте Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі екенін, тұрақты негізде халықаралық саудаға интеграцияланатынын, тиісінше ішкі баға белгілеу азық-түлік тауарларының әлемдік бағасына «сәйкес» әрекет ететінін ескеру қажет.

«Атамекен» Ұлтық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы

Ұлттық палата әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті реттеудің қолданыстағы жүйесін тиімді емес деп санайды. Бұл тауарларға қолжетімділікті сақтау және бағаларды тежеу мақсатында мыналарды ұсынады:


Еншілес ұйымдар

Серіктестер