«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында Донор күні өтті

2022 жылғы 09 Маусым
- Алматы қаласы
7308 просмотров

Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері ішкі корпоративтік акция өткізіп, өз еркімен қан доноры болды.

«Өңірлік палата 2015 жылдан бастап донорлық қызметке белсенді қатысып келеді. Бұл шара ынтымақтастық, корпоративтік рух пен  ұйымшылдықты нығайту мүмкіндігі, қоғамның әл-ауқатын арттыруға қосқан шағын үлесіміз», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

Биыл Дүниежүзілік қан доноры күні «Қан доноры – ынтымақтастық акті. Донор болып, адамдар өмірін сақтаңыз» ұранымен өтпек. 2022 жылғы Дүниежүзілік донор күні адамдардың өмірін сақтап қалу және қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту үшін ерікті қан тапсырудың маңызына назар аударуға арналған.

Түрлі өмірлік себептер, апаттардан зардап шеккен, мұқтаж науқастарға құю үшін қан немесе оның компоненттерін тапсыру – оңай әрі аз уақыт алатын рәсім. Кез-келген дені сау адам, 18 жастан асқан болса, донорлыққа қарсы көрсетілімдері болмаса және салмағы 50 келіден асатын болса, қан доноры бола алады.

«Алматы – мегаполис. Сондықтан донорлық қанға қажеттілігі қашанда өте жоғары. Біз жыл сайын бүкіл командамен қан донорлығына қатысатынымызға қуаныштымыз. Сенің қаның ертең біреудің өмірін құтқаратынын білу біз үшін маңызды», – деп атап өтті Алматы қаласы ӨКП адами капитал бөлімінің бастығы Толқын Әбілдаева.

Донор күніне Палатаның 20 қызметкері барлығы 9 литр қан тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер