«АТАМЕКЕН» ҰКП мен ЕUROBAK арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
«АТАМЕКЕН» ҰКП және ЕUROBAK арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға Ұлттық палата, Сыртқы сауда палатасы және Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында қол қойылды.
Шараға ірі еуропалық компаниялардың 50-ге жуық өкілі қатысты. Қатысушылар Қазақстан мен Еуропаның бизнес-топтары арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ ағымдағы жағдайда шетелдік бизнес тап болған түйткілді мәселелерді көтерді.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, Ұлттық палатаның қауымдастықпен ынтымақтастығы іскерлік байланысты нығайтуға, дамыған елдерде жұмыс тәжірибесі бар бизнес өкілдерін ҚР экономикасының басым салаларын талдау мен дамыту стратегияларын әзірлеуде халықаралық сарапшылар ретінде тартуға бағытталған.
«Бұл қызмет кедергілерді алып тастау және Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеуші саясат – «таза парақтан» реттеуге бағытталған. Салалық сараптама мен ЕUROBAK мүшелернің Қазақстанда бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсынымдарын жобалау топтары қызметте пайдаланатын болады», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.
Палата басшысының пікірінше, ҰКП және ЕUROBAK арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуеті зор, соның ішінде ауыл шаруашылығы, туризм, сауда, логистика, құрылыс және басқа салалардағы инвестициялық жобалар аталды.
ЕUROBAK Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Досымбековтың айтуынша, Қауымдастық мүшелері мен комитеттері Ұлттық палата мен мемлекеттік органдардың жұмыс топтарына белсенді қатысып, көптеген жыл бойы Үкіметпен өзара іс-қимыл жүргізіп келеді.
«Атамекен» көмегімен және «Атамекенмен» ынтымақтастық арқылы біз мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың осы аспектісін күшейте түскіміз келеді. Біз ұсынып отырған реформалар, нәтижесіне іске асуы үшін біз мемлекеттік органдармен байланыс орнатқымыз келеді», – деп атап өтті Ерлан Досымбеков.
Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукованың пікірінше, «Атамекен» ҚР ҰКП мен ЕUROBAK арасындағы ынтымақтастық меморандумы еуропалық және қазақстандық бизнестің одан әрі ынтымақтастығына оң серпін береді.
«Қазіргі геосаяси жағдай біздің сауда қатынастарымызға айтарлықтай өзгертіп жатыр. Сондықтан сауда мен бизнесті дамыту тұрғысынан бір-бірімізбен өзара қарым-қатынас орнату өте маңызды. Біз мемлекеттік орган ретінде осындай диалогты жолға қоюға және сауда үшін ашық әрі болжамды жағдайларды орнатуға жәрдемдесуді көздейміз», – деп атап өтті Жанель Кушукова.
Сондай-ақ, Қауымдастық өкілдері «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжірибе алмасу және ұйымдар комитеттерінің өзара іс-қимылы шеңберінде күш-жігерді біріктіру жөніндегі бастамасын қолдады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: