«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда референдумды түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр

2022 жылғы 01 Маусым
- Алматы қаласы
5488 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары кәсіпорындардың еңбек ұжымдарын аралап, Конститутцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумның мақсатын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін Кәсіпкерлер палатасы Наурызбай ауданындағы «Ақсай-карьер» ЖШС кәсіпорынна барды.

Нағыз өндіріс алаңы – «Ақсай карьер» ЖШС 1975 жылы құрылған. Бүгінде карьерде 180 аса адам жұмыс істейді. Кәсіпорында қиыршық тас, құм, топырақ, табиғи пигменттер, тас өндіріледі. Бүгінде карьер оңүстік астанадағы көптеген құрылыс нысандарын шикізатпен қамтамасыз етіп жатыр. Кәсіпкерлер палатасының мамандары 5 маусымда өтетін референдум жайында ақпарат беріп, дауыс беру шарттарын түсіндірді.

 «Ата заңға сүбелі өзгерістер енгізілмек, жалпы 33 бап түзетіледі. Бұл түзетулер өмірдің көптеген аспектісін қамтиды. Сондықтан әр азаматтың дауыс беруі, еліміздің дамуына үлес қосуы маңызды. Референдум 5 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады», – деді Палата өкілі.

 Кездесу соңында азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

«Президенттің бастамасымен еліміз жаңа даму жолына түспек. Референдумды өолдаймыз, сайлауға барып, дауыс береміз»,  – деді «Ақсай карьер» ЖШС жұмыскерлері. 

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Конституцияға енгізілмек түзетулерге қатысты түсіндіру жұмысты жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер