Кәсіпкерлер референдумды қолдайды
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері бірқатар кәсіпорындарға барып, олардың жұмысшыларын референдумға толықтай қатысуға шақырды.
Жаңа Қазақстан үшін жаңа қадам жасауға ат салысуға үндеу жасады. Ел болашағын бірге таңдауға шақырған топ алдымен «ЖК «Жетенова», Арчимед, Медиана және Каскор СМУ серіктестіктерін аралады. Мемлекет үшін маңызы зор саяси науқанға қатысуға жұмысшылар да ниетті.
Үгіт-насихат жұмыстары одан әрі Аманат партиясында бизнес өкілдермен кездесуге жалғасты. Сонан соң Mediana, Сары базар, »Akkalamall» сауда орталығындағы кәсіпкерлермен жүздесу өтті. Еліміздің болашағын бірге жасауға іскерлер де ынталы. Кәсіп иелері қызметкерлерімен бірге дауыс беруге дайын екендерін жеткізді. Жаңа бағыт, жаңа Қазақстан үшін жаңа қадам жасауға ат салысуға үндеу одан әрі Ақ базар, Қазпошта, “КПР” ЖШС, Жастар ресурстық орталығында да жалғаса түсті. Мемлекет үшін маңызы зор саяси науқанға қатысуға жұмысшылар бірауыздан ниет білдірді. Референдумға насихаттау жұмыстары кәсіпкерлер палатасының өкілдері, депутаттар, іскерлерден құралған топпен «Әділ сүт зауыты» ЖШС ұжымында да өтті. Барлығына ортақ кеңес-референдумға қатысу маңыздылығын ұғындыру.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан:
«Бизнес өкілдері референдумның маңызын жақсы түсінеді. Ел тағдырын сын сағатта шет қалдырмай, экономикалық дамуға қарқынды үлес қосып отырған бизнес саласы. Олардың таңдауы елдің қарышты дамуына ықпал етеді. Бірқатар бизнес нысандарына барып түсіну жұмыстарын жүргізгенде референдумның мәнін, енетін жаңалықтарды терең түсінгенін байқадық»,– дейді.
Бүгін насихат тобы Бейнеу политехникалық колледжі, «Дина» гипермаркеті, «Әлем» базары және бірнеше дүкендер мен кафелерде үгіт жұмыстарын өткізді. Көпшілікке және кәсіпкерлерге референдумға қатысудың және жаңа бағытты таңдаудың мүмкіншілігі түсіндірілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: