«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа салық Қазақстандағы шағын бизнестің дамуына кері әсер етеді – «Атамекен»

2022 жылғы 01 Маусым
7948 просмотров

 Ұлттық палата ҰКП жанындағы Салық әдіснамасы жөніндегі кеңестің атына шағын және орта бизнес субъектілерінен келіп түскен салық салу саласындағы түйткілді мәселелер бойынша жалпы анықтама қалыптастырып жатыр.

Бүгін кеңестің кезекті отырысы өтті, оның барысында шағын бизнес өкілдері бірқатар ұсынысын жеткізді. Олар пандемиялық қиын кезеңді, содан бері әлі де қалыпқа келмей жатқанын айтып, Ұлттық палатадан кәсіпкерлердің мүддесін орталық мемлекеттік органдар деңгейінде қорғауды сұрады.

 ҰКП мамандары осы Анықтама кәсіпкерлердің Ұлттық палата мен өңірлік филиалдарға күн сайын келіп түсетін шағымдары негізінде жасалатынын атап өтті. Негізгі шағым – мемлекеттік органдар шағын бизнесті орта санатқа ауыстырып, тиісті салықтар салуға тырысады. Мұндай жүктемені  дүкендер, кафелер мен шаштараздар көтере алмайды. Нәтижесінде, салық салу қисынға келмейтін болса, шағын бизнес класс ретінде Қазақстанда жойылып кетуі мүмкін.

«Мемлекеттік органдарда күн сайын реттеу бойынша жаңа идеялары пайда болады. Көп жағдайда бұл идеялардың қисындығы күмән келтіреді. Идеяны одан әрі ілгерілету оның мазмұнына, толымдылығына, мақсатына емес, кімнің басында туындағанына байланысты. Себебі шешеуніктер енгізіліп жатқан жаңашылыдықтарға жауапсыз қарайды. Соның нәтижесінде сан тарау заңнама пайда болып, енгізілуіне өзіміз себеп болған нәрселермен күресіп әлекпіз. Яғни біз заңсыз айналыммен күресіп жатырмыз. Егер бізде қолжетімді, түсінікті және қарапайым салық салу жүйесі, жалпы реттеу болса, онда бізде заңсыз айналым болмас еді», – деп атап өтті «Қазақстанның тікелей сатылымдар қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Анастасия Калашникова

 Спикер іске қосылып жатқан пилоттық жобалардың сапасын айтып, бұл жобаларға болжам жасалмайтынын атап өтті. Анастасия Калашникова Қазақстанда тауарға жөнелтпе құжат және таңбалау бойынша жобалар секілді, түрлі салаларда бір мезгілде оншақты жобаны алдын ала өткізу талабынсыз іске қоса беретінін жеткізді. Биизнес өкілдері салық органдары электрондық шот-фактураларға қарамастан, кәсіпкерлерден қағаз нұсқасын көрсетуді әлі де талап ететініне шағымданды.

Қауымдастықтың атқарушы директорының айтуынша, үш жыл бұрын пилоттық жобаларға кірген компаниялар әлі күнге дейін есеп жүйелерін пысықтап әлек. Орта және ірі бизнес тауарға жөнелтпе құжат және таңбалау бойынша есепке алу жүйелерін біріктіруге 30 миллион теңгеге дейін қаражат жұмсауы мүмкін. Жалпы, кәсіпкерлер атап өткендей, бизнес-қоғамдастық үшін әр салықтық жаңашылдық күйзеліске ұшыратады. Мұны ҰКП жүргізген сауалнама нәтижесі де растап отыр.

 «Біз жақында барлық өңір бойынша кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргіздік, үш мыңнан аса жауап алдық. Сауалнамадағы алғашқы сауал жеке тұлғалардың дивидендтері бойынша жеңілдікті алып тастауға қатысты болды. Респонденттердің 380-і бұл жаңашылдықты қолдап дауыс берген, 2707 адам қарсы дауыс берді. Екінші сауал дивидендтер бойынша жеке табыс салығының мөлшерлемесін 5-тен 10%-ға жоғарылатуға қатысты болды. Мұнда да 205 кәсіпкер жаңашылдықты құптап дауыс берсе, 2882 адам қарсы дауыс берді.  Жалпы біз барлық проблема жайында білеміз, жаңашылдықтар Парламентке енгізілгенге дейін оларды орталық мемлекеттік органдар деңгейінде пысықтауға дайынбыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

 ҰКП мамандары түйткілді мәселелерді әр топтамасын депутаттар, ведомстволардың жетекшілерімен егжей-тегжей пысықтайтынын жеткізді. Нақты пайыздар мен нақты салық сомаларынан басқа, кәсіпкерлер бүгін министрліктер тарапынан өтінімдерді қарамай, басқа ведомствоға бағыттау, мемлекеттік органдармен сапалы кері байланыстың жоғына шағымданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер