«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесі FCEM Дүниежүзілік кәсіпкер әйелдер қауымдастығы құрамына кірді

2022 жылғы 27 Мамыр
3507 просмотров

Іскер әйелдер кеңесінің дүниежүзілік қауымдастыққа кіруіне дауыс беру 26 мамырда Дүниежүзілік комитетінің Ұлттық президенттерінің кездесуінде өтті. Бұл шара 25-27 мамыр аралығында Маврикийде өткен FCEM комитетінің Дүниежүзілік отырысы аясында ұйымдастырылды.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова жиында сөз сөйлеп, Қазақстанның іскер әйелдер кеңесінің қызметі және FCEM аясындағы ынтымақтастықтың пайдасы туралы айтты.

 «Іскер әйелдер кеңесі – ел ауқымында 1800 кәсіпкер әйелді біріктірген Қазақстанда ірі және тез өсіп келе жатқан қауымдастықтардың бірі. Кеңес «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан 2015 жылы құрылды. Іскер әйелдер кеңесінің еліміздің барлық өңірінде жолға қойылған желісі бар: 17 облыстық және 163 аудандық орталық жұмыс істейді. Орталықтарға табысты кәсіпкер әйелдер жетекшілік етеді. Бұдан басқа, Іскер әйелдер кеңесі әйелдердің, әсіресе ауылдық жерлердегі қыз-келіншектердің іскерлік дағдыларын арттыру жолында «БҰҰ-әйелдер» құрылымы, Азия даму банкі және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігімен тығыз ынтымақтастық орнатқан.  

 Мен біздің серіктестігіміз дамып, нығая түсетініне әрі Қазақстанның келешкте әйелдердің мықты әрі ауқымды қауымдастығын құруға деген ұмтылысын бірлесіп, қолдай алатынымызға сеніммен қараймын.

Іскер әйелдер кеңесінің FCEM жаһандық қауымдастығына мүше болуы әйелдерге кеңес беру және қолдауда ерекше мүмкіндіктер ашады. Үкімет, реттеуші органдар және жұмыс берушілер әйелдердің мүддесіне сай әрекет етуі және қоғамға пайда әкелу үшін ықпал етуді білдіреді», – деді Ләззат Рамазанова.

Айта кетейік, FCEM Дүниежүзілік кәсіпкер әйелдер қауымдастығы Францияда 1945 жылы құрылған. Оған 120 елдің бес миллионнан астам кәсіпкер әйелі мүше.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер