«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының іскер әйелдері президенттік реформаларды қолдайтынын мәлімдеді

2022 жылғы 30 Мамыр
- Жетісу облысы
3410 просмотров

Алматы облысында іскер әйелдер Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларына қолдау білдірді. Бизнес ханымдардың айтуынша, жаңа саяси реформалар өте уақтылы қолға алынып жатыр және қазақстандық қоғамға қажет.

Бұл туралы Алматы облысы іскер әйелдер кеңесі мүшелерінің қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасарлары, Сенат депутаты Ләззат Сүлейменмен және қоғам қайраткері Елена Тарасенкомен кездесуі барысында айтылды.

Кездесу модераторы Өңірлік кеңестің төрайымы, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Римма Салықова референдум және ұсынылған бастамалар туралы түсіндіру мақсатында республика бойынша түсіндіру жұмыстары, ұжымдармен кездесулер жалғасып жатқанын атап өтті.

«Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформаларды жүзеге асыруға, жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуымыз – әрқайсымыздың негізгі азаматтық борышымыз. Біздің дана халқымыз айтқандай, қазіргі уақытта өмір мен өркендеудің қайнар көзі – бірлікте. Осы тұрғыда біз Қазақстанның демократиялық, әділ және өркениетті мемлекет болуына ықпал етеміз. Жаңа саяси реформалар өте уақтылы және қазақстандық қоғамға қажет. Сайып келгенде біз қоғамды демократияландыруға және азаматтардың құқығын күшейтуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық процестерге қолдау көрсетеміз», – деп атап өтті Римма Салықова.

 Айта кету керек, бұған дейін ҚР Конституциясына енгізілген барлық төрт түзету әр кезде Парламентте дауыс беру арқылы өтті. Сондықтан алдағы референдум билік құрылымынан бастап азаматтардың құқығын қорғау мәселесіне дейін біздің өміріміздің барлық саласында елеулі өзгерістер енгізеді, деп санайды сенатор Лаззат Сүлеймен.

«Конституциялық түзетулерді дайындау барысында халықтың пікірі ескерілді деп айтуға болады. Өйткені, ұсынылып отырған бастамалар – қазақстандықтардың соңғы жылдар бойы айтқан ұсыныстары мен пікірлерінің үлкен пулы. Егер өзгерістер енгізілсе, онда билік халыққа есеп береді, демократия принциптері күшейтіледі. Біз Конституциялық соттың пайда болатынын, прокуратураның қызметі Конституциялық заңмен белгіленетінін көріп отырмыз. Осының арқасында біз жаңа және әділетті Қазақстанды құратын боламыз», – деді Лаззат Сүлеймен.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде бірқатар қоғамдық-саяси және әлеуметтік мәселе талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер