«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан-Қырғызстан бизнес-клубы құрылды

2022 жылғы 26 Мамыр
5885 просмотров

25 мамырда Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және Қырғыз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы арасындағы Қазақстан-Қырғызстан бизнес-клубын құру туралы келісімге қол қойылды. Экономика саласындағы бұл келісім осы күндері Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форум аясында жасалды.

 Бұл бастамаға екі елдің ірі бизнесінің 40-тан астам өкілі қолдау білдірді. Олар В2В форматындағы кездесулер барысында бизнес-топтар арасындағы ынтымақтастықтың келешекті мәселелерін талқылады.

Бизнес-клуб екі елдің кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуге бағытталған. Клуб сауда, энергетика, машина жасау, қаржы, тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы іскерлік байланыстың тиімділігін арттыруға арналған алаң болады.

Бұдан бөлек, клубтың міндетіне екі мемлекетке инвестициялар тарту үшін  бірлескен жобаларды іздестіру кіреді. Алаң «Астана» халықарылық қаржы орталығы және исламдық қаржыландыру институттарымен белсенді жұмыс істейді деп жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер