«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді 2024 жылға дейін ұзарту керек – Ұлттық палата

2022 жылғы 25 Мамыр
11869 просмотров

ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес Үкіметке шағын бизнес пен микрокәсіпкерлерге тексерулер жүргізуге мораторийді 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту мүмкіндігін қарау туралы ұсыныспен жүгінді. ҰКП мамандары бүгінде Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 жарлығының қолданылуын ұзарту үшін барлық экономикалық негіз бар деп санайды. Бұдан басқа, мұндай шешім Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл хартиясының талаптарына толық сәйкес келеді.

 Бүгін 25 мамырда Қайырбек Сүлейменовтің төрағалығымен өткен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша министрлер кабинетіне Қазақстандағы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді 2024 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

 Ұлттық палата мамандары үш жыл бұрын Президент енгізген ШОБ-ты тексеруге мораторий кәсіпкерлерге пандемиядан және басқа да бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемадан орын алған шығындарды қысқартуға мүмкіндік берді деп санайды. Сарапшылар лауазымды тұлғалардың тексерулерді тағайындау және жүргізу тәртібін бұзуы, мемлекеттік бақылау шектерін өз бетінше қолдануы, тексеру заңдылығын сақтауын ішкі және сыртқы тиісінше талдамауы кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік кедергілер қалыптастырып, Жарлықтың әлеуетін пайдалануды шектеді деп атап өтті. ҰКП Мемлекеттік органдардың 2020 жылы тексерулерді тоқтатуына немесе қысқартуына қарамастан, 2021 жылы тексерулерді негізсіз тағайындау мен жүргізудің 1035 фактісі анықталғанын мәлімдейді.

Бизнеске сыбайлас жемқорлық қысымын төмендету үшін 2021 жылы заңнамада кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік бақылау мен қадағалау адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқығын, бостандықтары мен заңды мүддесін, сондай-ақ қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін ғана жүргізіледі деп бекітілген.

 «Бірақ, бақылау органдары мемлекеттік бақылау шегін өзінше кеңейтіп алғаны байқалады. Өзінің ведомстволық мүддесіне қол жеткізу үшін бақылау-қадағалау органдары адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жағдайларды өзіне тиімді ыңғайда түсіндіре бастады. Өйткені заңнамалық деңгейде «халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қатер» ұғымы ашылмаған. Ұлттық экономика министрлігінің әрбір мемлекеттік органның «жаппай қауіп-қатерді» өз бетінше анықтайтыны туралы түсіндіруі де жағдайды қиындатты. Бұл министрліктердің ведомстволық мүддесі көзделген норманы асыра пайдалану бастамасын тудырды. Мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлер құқығын бұзудың көптігі сотқа түскен шағым көлемімен расталады», – деп атап өтті Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

 

Кеңес жұмысы барысында 2021 жылы соттар мемлекеттік органдардың әрбір екінші шағымданған әрекетін немесе актісін негізсіз немесе заңсыз деп танығаны атап өтілді. Әкімдіктер заңсыз талаптарды негізінен жер мәселесі, сәулет және қала құрылысы – 60%; мемлекеттік сатып алу – 51% және басқа да бірқатар сала бойынша шығарған. Орталық мемлекеттік органдар арасында заңсыз шешімдердің басым бөлігі Қаржы министрлігінің салық және кеден қызметтері тарапынан қабылданған. Соттар бұл әрекеттердің 62%-ын заңсыз деп таныды. Кәсіпкерлер құқығының бұзылуы жүйелі ұйымдастырушылық қателіктерге байланысты. Ал салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін бақылаудың дұрыс таңдалмаған басымдықтары заңнамада жарияланған мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүддесінің тепе-теңдігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді», – деп атап өтті Кеңес төрағасы.

 2020 жылғы желтоқсанда қабылданған Кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын енгізу туралы заңда бизнесті реттеу жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесін, адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін ғана жүзеге асырылатыны бекітілген. Заң нормалары күшіне енді. Алайда, қоғамдық тамақтануда қолданыстағы талаптардың 41,6%-ы, саудада – 28,6%, теміржол көлігінде – 23,4%, су көлігінде-10%-ы жаңа заңнамаға сәйкес келмейді.

 «Қалыптасқан құқықтық қайшылық мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметіне трансформациялау жүргізуді немесе кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелерін қозғайтын құқық бұзушылықтардың жекелеген топтары бойынша әкімшілік жауапкершілікті қолдануға мораторий енгізуді талап етеді. Осыған байланысты, Кеңес Үкіметке 2024 жылға дейін шағын бизнес пен шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторийді ұзарту мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынады», – деп мәлімдеді Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

 

Сонымен қатар Кеңес министрліктер, Бас прокуратура, агенттіктер мен ҰКП өңірлік филиалдарына бірқатар ұсыным жасады:

 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты ендіру және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңын іске асыру шеңберінде бақылаушы және қадағалаушы органдардың нормативтік-құқықтық актілерін кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа базалық шарттарына сәйкес келтіргенге және Кәсіпкерлік кодексінің 83-1-бабында көзделген міндетті талаптардың тізілімдерін қалыптастырғанға дейін бизнес субъектілерін олардың қызметінің белгіленген реттеушілік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға уақытша шектеу немесе мораторий енгізу мүмкіндігін қарау;

2) Жоғарғы Сот және Бас прокуратураның мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне қатысты бизнес субъектілерінің шағымдарын қарау кезінде сот практикасына жүргізген талдауын ескере отырып, кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесінің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-қадағалау қызметін трансформациялау алгоритмін әзірлеу.        

2. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына:

1) мына құжаттардың әрекет етуіне наразылық білдіру:

- Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға жаппай қауіп-қатер, жер қатынастары саласындағы заңдылық пен қоғамдық тәртіп өлшемдері жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» 26.07.2021 жылғы №223 бұйрығы;

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық қағидаларын бекіту  28.04.2021 жылғы №КР-ДСМ 36 бұйрығы;

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының жергілікті атқарушы органдарына «жаппай қауіп» терминін айқындау жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы»  26.03.2021 жылғы № 134 бұйрығы;

-Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру процесіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына ықтимал жаппай қауіп төндіретін, сондай-ақ конституциялық құрылыс пен ұлттық қауіпсіздікке тікелей немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтардың тізбесін бекіту туралы» 22 .04.2021 жылғы №178 бұйрығының – азаматтардың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіретін, олардың құзыретінен тыс жарияланған жағдайлар мен фактілердің тізбесін тану, кәсіпкерлік қызметке әкімшілік кедергілерді қалыптастыратын және Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.2019 жылғы № 229  Жарлығын қолдануды шектеу бөлігінде.  

            2)   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 05.09.2019 жылғы «Мәмілелерді жарамсыз деп тану мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды» және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 06.01.2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Салық тексерулерін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды» олардың заңнамаға сәйкестігін және олардың іс-әрекеттері мен шешімдерін заңсыз деп танудың кең сот практикасына алып келген аумақтық бөлімшелердің бақылау жұмысын ұйымдастыруды қалыптастыру мүмкіндігін тексеру.

3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне: Жоғарғы Сот пен Бас прокуратураның Мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын салық, кеден қызметтері мен бөлімшелерінің іс-әрекеттеріне бизнес субъектілерінің шағымдарын сотта қанағаттандырудың таралуы туралы тұжырымдарын ескере отырып, бақылау-қадағалау және реттеу функцияларын жүргізу кезінде кәсіпкерлер құқығының бұзылу себептерін анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мәніне ҚР Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу, олардың қызметіндегі заңнаманы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар, сыбайлас жемқорлық көріністері үшін қолайлы жағдай жасау.

 4. Өңірлік кәсіпкерлер палаталарына, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 26.12.2019 жылғы № 229 Жарлығының қолданылуының аяқталуына байланысты, оның сақталуына мониторинг және Кәсіпкерлік кодекстің 131-1-бабында көзделген бірыңғай есеп күнін өткізу кезінде оның нәтижелерін кеңінен талқылауды ұйымдастыру.

Ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне 2022 жылғы 1 тамызға дейін ұсыну.

ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының материалдарын ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне мәлімет үшін жолдау.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер