«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Фермер өзіне тиесілі жерді бес жыл бойы ала алмай келген

2022 жылғы 12 Мамыр
- Ақмола облысы
18470 просмотров

Бірнеше жыл бойы фермер жер учаскесін пайдалануға алуға тырысты. Бірақ аудан әкімдігі фермерге барлық жағынан кедергі келтірді.

«Дәулет» шаруа қожалығының басшысы Дәулет Амрин «ПКФ Новоникольское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушысы болды. 2016 жылы жалпы жиналыстың шешімі негізінде ол Сандықтау ауданының Новоникольск ауылдық округінде орналасқан жалпы ауданы 22280 га жер учаскесінен шамамен 131 га жер үлесін кейіннен оған бөлу шартымен ЖШС құрамынан шықты.

 Көп жыл бойы фермер оған тиесілі жер учаскесін алуға тырысқанымен жергілікті әкімдік жер учаскесін беру үшін банктің келісімі керегін алға тартып, жерді бермей келген

 Шаруа қожалығының басшысы бюрократиялық әуре-сарсаңды жеңіп, 2021 жылы көздегеніне жетті. Сандықтау ауданы әкімінің аудандық жер комиссиясының шешімімен шаруа қожалығының басшысына жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру ұсынылды. Өткен жылдың желтоқсанында «Дәулет» шаруа қожалығы аудандық әкімдігінің қаулысымен жерді 25 жыл мерзімге жалға алды.

 Алайда «Еуразиялық банк» АҚ өкілдері жоғарыда аталғандай, жерді уақытша пайдалану шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа арызданған. Олар өз талаптарын фермерге жер бөлінген жер учаскесінің кепілде екенін және банк жер учаскесін бөлуге келісім бермегеніне негіздеді. (Кейін банк осы кепіл келісімшарт бойынша талап ету құқығын  «Big Finance» коллекторлық агенттігі» ЖШС-на тапсырған). Өз талаптарында олар Жер кодексінің 101-бабының 3-тармағына сілтеме жасаған. Заңға сәйкес ауыл шаруашылығы ұйымының кепілдегі жерлерінің құрамынан жер учаскесін бөліп шығаруға кепіл ұстаушының келісімімен немесе бөліп шығару кезінде жер учаскесіне қатысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелермен жол беріледі.

 Іс материалдарынан белгілі болғандай, жерді фермерге «ПКФ Новоникольское» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі негізінде кепіл берушінің өзі берген. ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының аталған шешімі қайта қаралмады және жарамсыз деп танылмады.

 2021 жылдың шілдесінде Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Сандықтау ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы бас тартуын заңсыз деп тану туралы шешім шығарады. Сот, сонымен қатар, жауап беруші жіберген бұзышулықтарды жоюды тапсырады. Алайда 2021 жылдың қарашасында аудан әкімі «Дәулет» шаруа қожалығына жер бөлуден қайтадан бас тартады. Осы жылдың 13 қаңтарында Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Сандықтау ауданы әкімдігінің шаруа қожалығына жер беруден бас тарту туралы қаулысы заңсыз деп танылды.

 «Жергілікті уәкілетті орган «Дәулет» шаруа қожалығына жер беруден бірнеше рет бас тартса да жер учаскесін беру заңдылығын құқықтық бағалау бірнеше сот сатысының шешімдерімен берілді. Сондай-ақ, «Дәулет» шаруа қожалығының бірнеше рет банкке кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелермен жер учаскесін бөлу ниеті туралы, атап айтқанда, бөлінген жер учаскесіне ауыртпалық сомасының есебін беру туралы жазбаша өтінішпен жүгінгені анықталды. Алайда, қаржы институты фермердің әрбір жазбаша өтінішіне «ПКФ Новоникольское» ЖШС жүгінуге кеңес берді. Осылайша, кепіл ұстаушының құқығын теріс пайдалана отырып, банк тиісті міндеттемелермен жер учаскесін бөлу мүмкіндігі үшін фермерге ауыртпалық сомасының есебін ұсынған жоқ», – деп түсіндірді Өңірлік палатаның кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Гүлден Сахаева.

 Бұл дәйектерді сот қызметкерлері назарға алды. Нәтижесінде сот «Big Financ» коллекторлық агенттігінің шаруа қожалығына мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер