«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шарбақты кәсіпкерлері прокуратура мен Павлодар "Атамекен" палатасы алдында өз проблемаларымен бөлісті

2022 жылғы 12 Мамыр
- Павлодар облысы
6230 просмотров

Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев пен Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Шарбақты ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді.

Мұндай диалог алаңдарының негізгі міндеті - бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау.

Кездесуге аудан кәсіпкерлері, жергілікті әкімдік, оның бөлімшелері, бақылаушы мемлекеттік органдар мен полиция өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер шаруашылық қызметке кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді атап өтті.

Олардың қатарында электрмен жабдықтаудағы іркілістер, электр энергиясының жоғары тарифі, мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, кредиттеудің жеңілдікті шарттарының жоқтығы және тағы басқалары бар.

Прокуратура аудан кәсіпкерлері үшін әкімшілік және басқа да кедергілерді жоя отырып, ауыл тұрғындары атаған мәселелерді шешу жолдары мен ұсыныстарын дайындады.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер