«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ТУКИБ-пен екіжақты қарым-қатынасты нығайту қажет – ҰКП

2022 жылғы 29 Сәуір
4601 просмотров

«Атамекен» ҰКП мен ТУКИБ түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 ТУКИБ кәсіпкерлер және инвесторларды қорғау бағытында «Атамекен» ҚР ҰКП-мен 4 жыл бойы ынтымақтастық жасап келеді.

 ҰКП қызметінде халықаралық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады. 13 сәуірде Нұр-Сұлтанда Ұлттық палата басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов ТУКИБ мүшелері мен Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджимен кездесті. Кездесу аясында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

 «Біз Ұлттық палатаның ТУКИБ-пен бірлесіп, екіжақты қарым-қатынасты нығайту жұмыстарын жалғастырып жатқанына қуаныштымыз. Бұл сауда, өнеркәсіп, экономикалық байланыстар. Сондай-ақ іскерлік байланысты ынталандыру, қатысушылардың ҚР аумағындағы қызмет салалары бойынша құқығы мен мүддесін қорғау. «Атамекен» ҰКП Түркияның қатысуымен өтіп жатқан мәселелермен таныс және алдағы келіссөздерге дайын», — деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер