«Атамекен» ҰКП Қытай инвесторларына арналған шеберлік сабағын ұйымдастырды
«Атамекен» ҰКП Қазақстан және Қытайдың шағын және орта бизнес-қоғамдастығы арасында диалог алаңын құру бойынша жұмысты жүргізіп жатыр.
Негізінен өндіру, өңдеу өнеркәсібі және инфрақұрылымдық саладағы ірі жобаларды көздейтін Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты ынтымақтастық жолға қойылған. ҰКП мамандары Қазақстанда Қытай заманауи озық технологиялары мен 4.0 Индустрия технологияларын енгізуге негізделген Қазақстан-Қытай бірлескен инвестициялық жобаларын құруға өңдеу өнеркәсібінің шағын және орта бизнесін тарту бойынша жұмысты бастауды ұсынды.
Қазіргі кезде диалог алаңының салалық органы – Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің шағын және орта кәсіпорындарына жәрдемдесу жөніндегі комитетін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаға «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті (CCPIT) қатысып жатыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жобасы келісілді, қазір құжат Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің қарауында жатыр.
Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті өкілдерінің өтініші бойынша, 2022 жылғы 27-28 сәуірде Қазақстанның инвестициялық саясаты туралы шеберлік сабағы өтті. .
Бірінші күні шеберлік сабағына қытайлық компаниялардың 100-ден астам өкілі қатысты. «Kazakh Invest» инвестициялар тарту және маркетинг департаментінің директоры Әбілхайыр Нұржан, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» жобаларды дамыту департаментінің директоры Айбек Сағынаев өз презентацияларын таныстырды. Қытай құрылыс банкінің Астанадағы филиалының басшысы Ван Сунхуа мен Қытай халықаралық сауда палатасының Қазақстандағы бас өкілі Чэнь Хунцян баяндама жасады.
Келесі күні Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарының жергілікті атқарушы органдары және «Қорғас – Шығыс қақпасы», «Ақтау теңіз порты», «Тараз «Химпарк», «Turkistan», «Қорғас «ШЫХО» және «AstanaInvest» МТҚО өкілдері сөз сөйледі.
Қытай тарапынан ШҰАА халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Ань Тао және Сычуань провинциясының Халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті төрағасының орынбасары Лэй Сюэцзе сөз сөйледі.
Шеберлік сабағына қатысушылар байланыс орнатып, жемісті ынтымақтастыққа ниетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: