«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Биыл өңірлік палаталарда 16 мыңнан аса кәсіпкерге тегін қызмет көрсетілді

2022 жылғы 27 Сәуір
3404 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде кәсібін енді қолға алған және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер үшін 8 жыл бойы тегін қаржылай емес қолдау көрсетіп келеді.

Бұл қызметтер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету және сервистік қолдау бойынша ұсынылады.

«Атамекен» ҰКП мамандары қолдаудың бұл шаралары кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие екенін айтты. Бұған клиенттер санының жыл сайын артып келе жатқаны дәлел.  

 «Қызметтер үздіксіз және тегін негізде көрсетіледі. 2022 жылдың бірінші тоқсанында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары сервистік қолдау құралы бойынша 5 842 клиентке 6 175 қызмет көрсетті. Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бойынша 10 431 клиентке 32 126 қызмет көрсетілді. Әрбір кәсіпкер біздің орталыққа келіп, өзімен бірге растайтын құжаттарды (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жеке куәлік) ала отырып, көрсетілетін қызметтердің кез келгенін ала алады», – деп атап өтті жаппай кәсіпкерлік департаменті директорының орынбасары Абай Мүслімов.

Бірінші бағыт – кәсіпкерлер және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету. Аудандық деңгейде менеджер-кеңесшілер қаржы институттарымен жұмыс істеу шарттарын түсіндіреді. Жеке бизнес ашу және жүргізу бойынша консультация береді және оған сүймелдеу көрсетеді, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат береді.

 Екінші бағыт – сервистік қолдау. Сервистік қолдау экономиканың барлық секторында қызмет ететін, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге көрсетіледі. Мұнда 4 мамандандырылған қызмет тегін ұсынылады.  Бұл бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу, сондай-ақ заңды мәселелер мен конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша статистикалық есептілікті жасау, маркетинг мәселелері және қаржыландыру, мемлекеттік қолдау шараларын алу бойынша қызметтер.

Кәсіпкерлердің үлкен ауқымын қамту және барлық кәсіпкерге қызметтердің қолжетімділігін қаматамсыз зету мақсатында 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте облыстық және аудандық КҚКО құрылды. Барлығы облыстық деңгейде 19 КҚКО және аудандық деңгейде 190 КҚКО жұмыс істейді, сондай-ақ сүйемелдеуден басқа жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлық түрлерін ЭЦҚ арқылы тіркеу жолымен  «Атамекен»  ҰКП веб-порталында онлайн форматта алуға болады;  https://g4b.kz/

Анықтама:

2021 жыл ішінде:

* сервистік қолдау құралдары бойынша 26 718 клиентке 31 788 қызмет көрсетілген;

* ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету бойынша 70 566 клиентке 169 194 қызмет көрсетілген.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер