«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер саланы қолдау үшін мемлекеттік ұйымдар мен нарықтың ІТ-функцияларын бөліп беруді ұсынды

2022 жылғы 19 Сәуір
5245 просмотров

Мемлекеттік органдар мен IT-нарық арасындағы бәсекелестікті тоқтату үшін мемлекеттік органдар (реттеу), ведомстволық бағынысты ұйымдар (әдістеме) және нарық (орындау) арасындағы міндеттерді бөлу қажет, деп санайды кәсіпкерлер.

 Бұдан бөлек, отандық мамандар Ресей және Украина ІТ-мамандарымен ықтимал бәсекелестікке алаңдаулы. Бұл елдердің мамандары біздің елді релокация үшін қолайлы жер ретінде қарастырып жатыр. Алайда тәжірибелі мамандардың көшіп келуі  жергілікті компаниялардың күшеюіне және тәжірибе алмасудың дамуына әкеледі, деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы Болат Башеев.

 «Канада жоғары білікті мамандарды тарту жөніндегі тура осындай саясатты ұстанады. Алайда отандық компанияларға қолдау қажет. Егер мамандарға күрделі және ірі жобаларды іске асыруға мүмкіндік берілмесе, жергілікті компанияларға білікті мамандарды ұстап тұруға күші жетпейді», – деді спикер.

Ол үшін Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізілімінің рөлін күшейтіп, қазақстандық мамандарды қолдау үшін шаралар пакетін әзірлеу қажет:  жобаға жергілікті компанияларды тарту, отандық IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдікпен несиеберу, Astana Hub-та салық жеңілдіктері қолданысын ұзарту.

 Кәсіпкерлер мүдделі мемлекеттік органдармен бірге отанық компанияларды қолдау бойынша шараларды талқылауды жалғастырады.

2018-2019 жылдары ҰКП мен «Зерде» холдингі 20 мемлекеттік орган мен 250-ден астам ведомстволық бағынысты кәсіпорынның 33-і ІТ-функцияларды 100%-ға жүзеге асырғанын анықтап, заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге ревизия жүргізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер