«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыс берушілер сауда және коммерциялық қызметте маман тапшылығына шағымданды

2022 жылғы 18 Сәуір
2889 просмотров

Жұмыс берушілер отандық білім беру мекемелері тиісті бейіндегі жас мамандарды дайындамайтынын және жас мамандарды жұмыс процесінде қайта оқытуға тура келетінін атап өтті.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында кадр дайындау жөніндегі дөңгелек үстел барысында QAZ PROPERTY басқарушылар және сервистік компаниялар қауымдастығы консалтинг комитетінің төрағасы Константин Глушко Қазақстанда коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерімен жұмыс істеуге арналған мамандарды кәсіптік дайындау жолға қойылмағанын хабарлады. Осы нарықта жұмыс істейтіндердің білімі сол салаға сәйкес келмейді, өзіің біліктілігін тәжірибе жүзінде алған.

 «Кәсіптік басқару және коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілеріне қызмет көрсетуге бағдарланған білім беру бағдарламаларынң болмауы нарықтағы проблемалардың бірден бірі. Бізге комерциялық жылжымайтын мүлік нарығында қолданбалы білім қажет. Бұл нарық әлі жас, онда жұмыс істеп жатқан компаниялар да жас. Олар бұл процеске қатысуға дайын.  Бізге қолдағы бар ресурсты зерттеуге уақыт қажет. Бізге іске кірісіп, бастайтын ең жақын нүктені анықтап алу қажет», – деді спикер.

«Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева кәсіптік стандарттарды әзірлеу –қауымдастықтардың негізгі міндеті екенін атап өтті.

 «Бірінші кезекте нарық жұмыс берушілер өндірісте қандай деңгейде және қандай дағдылармен жұмыс істейтінін анықтайтын нақты стандарттарды қалыптастыруы керек. Бұл процесс олардың мамандарды дайындау процесіне қандай дәрежеде жұмылғанына байланысты. Нарық қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды өсіру процесі күрделі, дәйекті әрі үйлесімді процесс. Бізге нарық және академиялық білім беру қоғамдастығының одағы қажет. Сонымен қатар кәсіптік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыс білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша бірлескен қызметке ұласуы тиіс», – деді Ләззат Шонаева.

ҚР БҒМ өкілі Қаламқас Алғазинова ведомство жұмыс берушілердің талап-тілектеріне ашық және оқыту бағдарламасы мен мамандықтар тізімін реформалауға дайын екенін атап өтті.

 «Бизнес ұсынып отырған мамандықтарды жаңа тізімін алдымен техникалық білім беру жіктеуішіне енгізу қажет. Яғни өтінім беріп біліктілік талаптарын жазып шығу керек. Жіктеуішті енгізсек, кәсіби стандартты әзірлеу басталады, оқу орындары оқу жоспарларын жазады және мамандарды дайындау басталады. Білім беру министрлігі үшін кәсіптік стандарттың болғаны маңызды. Егер білім беру бағдарламалары бойынша консультациялар керек болса Техникалық және кәсіптік білім беру департаментіне хабарласа аласыз. Бизнес неғұрлым тез өтінім берсе, соғұрлым тез бәрін жасаймыз», – деді Қаламқас Алғазинова.

 Жоғары оқу орындары мен колледждер кәсіпкерлерге оқу бағдарламаларын жазуға көмектесуге дайын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер