«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ғылыми жобалардың дамуына серпін бере алады – Райымбек Баталов

2022 жылғы 12 Сәуір
4032 просмотров

Ұлттық палата басшысы ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада бизнес пен ғылымның ынтымақтастық мүмкіндіктері  туралы айтты.

Райымбек Баталов кәсіпкерлер мен ғалымдар бизнес-серіктестер клубы алаңында ынтымақтаса алатынын атап өтті. Ғылыми жобаларды коммерциялау мақсатында құрылған бұл клубқа инвесторлар, лицензияттар және ғалымдар мүше болды.

«Жобалардың көбі іске асырылды, бірақ кәсіпкерлер демеу беріп, капиталға кіруге көмектесе алатын жобалар мен әзірлеушілер бар», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

Алайда, қолдау ғалымдарға ғана емес, бизнеске де қажет.

«Кәсіпкерлер салық төлейді. Бұл қаражат көптеген транзакцияны өтіп, ғылымды қолдауға жұмсалады. Егер біз механизмді әзірлеп, делдалдықты алып тастай алсақ, онда ғылыми жобалардың дамуына көбірек қаражат бөлуге болады», – деп атап өтті спикер.

Жиында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өнеркәсіптің дамуы ғылыми қызметке байланысты екенін атап өтті.

«Ғылымсыз өнеркәсіптің болашағы жоқ. Біз әзірше 3 қайта өңдеу деңгейінде тұрмыз, болашақта 5-6 қайта өңдеуге дейін өсуіміз керек және бұл процеске ғылыми институттардың қатысуы қажет», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Мемлекет ғылымды нақты сектормен интеграциялауды көздеп отырғанын атап өткен жөн. Ол үшін ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы құрылады, оның базасында «Самұрық-Қазына» АҚ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысының (ҒЗТКЖ) корпоративтік қоры, сондай-ақ министрліктер жанындағы ғылыми-техникалық кеңестер жұмыс істейді.

Осы шаралар аясында Райымбек Баталов ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі жобалар көрмесіне барып, ғалымдарға  марапат табыс етті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер