«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

131-ші Кантон жәрмеңкесі онлайн өтеді

2022 жылғы 06 Сәуір
3906 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы жабдық, жиынтықтауыштарды сатып алу, тауарлардың ассортименттік желісін кеңейту, жеткізушілердің байланыс базасын ұлғайту үшін барлық мүдделі сатып алушыны 131-ші Кантон жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.

Импорт және экспорт тауалардың кезекті Кантон жәрмеңкесі («Canton Fair» (Гуанчжоу, ҚХР) 15-24 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді.

 Бұл жәрмеңке Қытай тілінен аударғанда «Қытай импорт-экспорт жәрмеңкесі»/«Кантон жәрмеңкесі»  1957 жылдан бастап жылына екі рет өткізіледі. Өзінің 65 жылдық тарихында Кантон жәрмеңкесі халықаралық сауданың кешенді көп салалы көрмесі ретінде танылды. Жыл сайын көрмеге өнімнің 16 санатында Қытайдың 26 мыңнан астам өндіруші компаниясы және 200 әріптес ел қатысады.

 Биыл онлайн форматта өтетін  жәрмеңкеде 25 мыңға жуық экспонент, оның ішінде Қытай және әлемдік брендтердің 2100 ірі өкілі және әртүрлі провинциялар мен қалалардың коммерциялық басқару органдарының қатаң іріктеуінен өткен көрнекті кәсіпорындардың 20 000-нан астам өкілі, сондай-ақ жоғары технологиялық 1000-нан астам кәсіпорын мен уақыт сынынан өткен Қытай брендтерінің өкілдері қатысады.

Тауарлардың 16 санатына сәйкес 50 көрме алаңы құрылды. Олар 8 негізгі секторды қамтиды: электрондық техника, құрылыс материалдары, интерьер заттары, өнеркәсіптік өндіріс, үйде тұтыну, аппараттық құралдар, fashion индустриясы, денсаулық және демалыс, сондай-ақ сауда қызметтері. Ұйымдастырушылар жоғары сапалы өнімдері бар ірі компаниялардың үлесі алдыңғы Кантон жәрмеңкелерімен салыстырғанда едәуір артқанын атап өтті.

Тіркелуге сілтеме: bit.ly/cantonfairKz2022  (немесе телефон камерасымен QR-кодты сканерлеп, өтінім формасын алуға болады). Осы формамен тіркеуден кейін сізге көрме платформасында тіркелу бойынша қадамдық нұсқаулық жіберіледі.

 

Сұрақтар туындаса, жауапты маман Набира Жұмабековаға хабарласуды сұраймыз:  тел.: +77753120098, e-mail: zhumabekovanabira@gmail.com

Өнім жеткізушілер үшін көрме кгибрид форматта (онлайн/офлайн) өтеді. Егер онлай қатысу болса, онда физикалық қатысу міндетті болып, стенд салу қажет болады. Сондықтан қазақстандық компаиялардың атынан жеткізуші (экспорттаушы) ретінде қатысі биыл мүмкін болмайды.

Қазақстаннан сатып алушылар үшін (импорттаушылар) – онлайн-форматта сатып алушылар ретінде қатысу ұсынылды және тек қосымша шығынсыз тіркеуді талап етеді.

 Көрме сайты:  https://www.cantonfair.org.cn/en

 Сондай-ақ, Қазақстаннан сатып алушылар үшін Қазақстанның сыртқы сауда палатасының аккаунты арқылы ВИП тіркеуге рұқсат беріледі. Бұл тіркеу сізге қатысудың барлық артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді: күнтізбеде қызығушылық танытқан өндірушілермен/жеткізушілермен кездесулер тағайындау, жеткізушілерге лимитсіз бару, хабарламалармен лезде алмасу, тапсырыстарды орналастыру, өндірушілер өз өнімдерін таныстыратын тікелей эфирлерде пікір қалдыру және т. б


Еншілес ұйымдар

Серіктестер