«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕЭК шешімдерінің жаңа пакеті бизнес дамуына оң ықпал етеді – «Атамекен»

2022 жылғы 06 Сәуір
4537 просмотров

ҰКП-да бұл шешімдер қазіргі жаһандық экономикалық ахуал, валюта курсының құбылуы және өнім жеткізудің логистикалық тізбегінің бұзылуы жағдайында қабылданғаны айтылды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасы тұрақтылығын арттыру, сонымен қатар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар тізбесі бекітілді.

Макроэкономикалық тұрақтылық, сондай-ақ сыртқы сын-қатерлерге төзімділікті  қамтамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер экономикаларының ішкі тұрақтылығын арттыру жөніндегі жағдайларды пысықтау үшін жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылды.

Ұлттық палата отандық кәсіпкерлер мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығын бірегей мүмкіндікті пайдаланып, жұмыс тобы қабылдаған шаралар тізбесін толықтыру, сондай-ақ оларды іс жүзінде іске асыруға қатысты ұсыныстарды енгізуге шақырады. Ұсыныстарды info@atameken.kz  электрон поштасына жіберуге болады.

Қытайдан графиттелген электродтарға демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін жарты жылға кейінге шегерілді.

Еуропалық гербицидтерге демпинге қарсы шаралар 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тоқтатылды.

Елге тауар әкелуге кедендік баж салығының ставкалары нөлге дейін төмендетілді:

салмағы 40 келіден асатын қаптамаларда өрік, алмұрт, шабдалы және басқа да жеміс пюрелерге – 2023 жылдың 30 сәуіріне дейін;

жекелеген балық түрлеріне, ұрықтандырылған балық уылдырығына – 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін;

анилин және сырт киім өндіруге арналған кездемелердің бірқатар түріне – 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін.

2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін әлеуметтік маңызы бар салалар үшін азық-түлік пен шикізатты әкелуге тарифтік жеңілдік берілді:

  • азықтүлік тауарлары және оларды өндіруде пайдаланылатын тауарлар (мал және сүт өнімдері, көкөністер, күнбағыс тұқымдары, шырындар, қант, какао ұнтағы, амин қышқылдары, крахмалдар, ферменттер және өзге де тамақ өнімдері);
  • азықтүлік өнімдерін өндіру және сатуға арналған тауарлар;
  • фармацевтикалық, металлургиялық және электрондық өнімдерді өндіруге арналған тауарлар;
  •  цифрлық технологияларды дамыту үшін пайдаланылатын тауарлар;
  • жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруге арналған тауарлар, сондайақ құрылыс және көлік саласында қолданылатын тауарлар. 

 Сырттан әкелінетін тауарлардың нысаналы мақсатын растау тарифтік жеңілдік берудің шарты болады.

ЕАЭО елдеріне шектеулі мөлшерде әкелінетін электромобильдерді әкелуге 2023 жылдың соңына дейін тарифтік жеңілдік берілді.

Енді дамушы және аз дамыған елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылуын құжаттамалық растау рәсімі оңайлатылды. Уақытша негізде тарифтік жеңілдіктерді алу үшін тауарлардың шығу түбі туралы сертификаттардың көшірмелерін пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, ЕАЭО елінен шаруашылық жүргізуші субъекті және дамушы немесе аз дамыған елден шаруашылық жүргізуші субъекті арасында тікелей келісімшарт жасаудың міндетті талабынан тұратын тауарларды тікелей сатып алу келісімшарты 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылмайды.

2022 жылғы 1 қазанға дейін жеке тұлғалар үшін сәлемдемелерді бажсыз әкелу шегі 1000 еуроға дейін артты, бұл ретте сәлемдеменің салмағы 31 кг-нан аспауы тиіс.

ЕЭК-тың жаңа шешімдерін мына сілтемеден білуге болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер