Еңбек нарығында қандай салалар бойынша мамандар тапшы
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 4 наурызға дейінгі аралықта кәсіпкерлерге сауалнама жүргізіп, нарықта алдағы екі жылға мамандарға қажеттілікті талдады.
Сауалнамаға 32 мың кәсіпкерлік субъекті қатысты, соның ішінде 9,5 мың компания мамандардың тапшылығын атап өткен, ал 112 компания штаттағы қызметкерлерді қысқартуды жоспарлап жатыр.
ҰКП талдау деректері бойынша 2022-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру және сауда сияқты салаларында қажеттілік жоғары. Бұл ретте ең аз қажеттілігі бар салаларда (сумен жабдықтау, жылжымайтын мүлік) қызметкерлерді қысқарту талап етілмейді.
Еңбек нарығында біліктілігі орташа және төмен мамандықтар: аспаз, тігінші, сатушы, қосалқы жұмысшылар, тракторшылар, слесарь-жөндеушілер сұраныста.
Талдау қорытындысымен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: 2022-2024 жылдарға мамандарға қажеттілікке талдау
Пікір қалдыру:
Пікірлер: