«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП алаңында МЖӘ механизмін дамытудың жаңа тәсілдері айтылды

2022 жылғы 31 Наурыз
4104 просмотров

Мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бизнеске мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін дамытудың жаңа тәсілдерімен таныстырды. Жаңа ұсыныстар МЖӘ жобаларын іске асыруды мониторингілеу жөніндегі кеңес отырысы шеңберінде талқыланды.

«Біз мемлекеттік органдардың МЖӘ механизмін дамыту бойынша жаңа тәсілдер және олармен байланысты тәуекелдерді талқылауға жиналдық. Бизнестің МЖӘ-ні дамытудың келешектегі перспективасын қалай көретінін талқылаймыз», – деді Мәжіліс төрағасы Самат Ақышев.

Қазіргі кезде жалпы сомасы 2 млрд-тан астам теңгені құрайтын 850 келісімшарт іске асырулы кезеңінде тұр. Жобалау кезеңінде 336 жоба, соның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың өтемақысы, басқарғаны үшін сыйақы түрінде бюджетке күрделі жүктеме түсіретін денсаулық сақтау объектілері, түзеу мекемелері, мектептер бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар бар.

 «Егер ұсынылған өзгерістер енгілісе, біздің бағалауымызша, мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалық 27 пайызға төмендеуі мүмкін», – деді Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров.

 Ведомство жобалардың сапасын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейтуге, соның ішінде цифрландыру арқылы өзгерістер енгізуді ұсынады. Сондай-ақ, жобаларды монополияға қарсы органмен келісуді бекіту, ұзақ мерзімді жалдауды алып тастауға қатысты бөлікте тікелей келісімшарттар тәсілімен жеке әріптесті айқындау негіздерін қайта қарауды ұсынады.

«Жобаларды іске асыруды жыл сайынғы бағалау, сондай-ақ МЖӘ орталығы жариялаған қорытындылар мен ұсынымдар жергілікті жобаларға сараптаманы күшейту қажеттігін көрсетеді. МЖӘ келісімшарттарының бір бөлігі заңнамаға, Бюджет кодексіне және басқа да салалық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталды. Жергілікті атқарушы органдар бастамашылық ететін жобалар МЖӘ қағидаттары мен белгілеріне қайшы келеді», – деп толықтырды вице-министр.

МЖӘ туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы заңнаманы жаңарту бойынша жедел шаралар қабылдауға бағытталған. Сондай-ақ, жобаларды жоспарлау және кейіннен іске асыру бөлігінде тәсілдерді түзету көзделген.

«Ұсынылып отырған тәсілдер мемлекет шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді деп санаймыз. Бұл тәсілдер мемлекеттік және жеке әріптестер арасында тәуекелдерді әділ бөлуге бағытталған», – деп атап өтті Ілияс Өсеров.

«Атамекен» ҰКП инвесторлардың тәуекелдері мәселелерін және бизнестің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асырудағы құқықтық проблемаларды бірнеше рет көтерді.

«Біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру тәсілдеріне өзгерістер енгізу қажеттігін бірнеше рет айтқанбыз. Өткен жылы бизнес-қоғамдастықтың МЖӘ Қазорталығы және Ұлттық экономика министрлігімен бірлескен жұмысында үлкен өзгеріс жасалды. МЖӘ жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша заң жобасын әзірлеу басталды. Дегенмен,  ҰКП мен бизнес-қоғамдастық арасында әзірге мемлекеттік органдармен ортақ тіл табу бойынша мәселелер сақталып отыр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов.

МЖӘ жобаларының барлығы әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мекемелер ұсынатын қызметтердің тұтынушысы – халық.

 «Мемлекеттік органдар шығындарды өтеу көздері мен мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланатын МЖӘ жобаларына немқұрайлы қарайды. Өкінішке орай, жалпылама қарау қағидасы қолданылады. Бізде неліктен осындай мемлекеттік міндеттемелер барын түсіну қажет. Біз мемлекеттік органдар әкімшілендіруді жеңілдету және жақсарту тұрғысынан процесті оңтайландыруды қалаймыз», – деді Нариман Әбілшайықов.

Статистикаға сәйкес, 2021 жылы 27 жоба бойынша жеке қаржылық бастама бойынша келісімшарттар жасалды. Соның ішінде 2-і республикалық деңгейде. Бұл ретте, республикалық деңгейдегі жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелер ең көп  – 413 млрд теңге, ал жергілікті деңгейде – небәрі 30 млрд теңге.

Бұл проблемаларды МЖӘ сараптамалық қауымдастығы да растады.

 «МЖӘ кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болды. Біз өзіміз отырған бұтақты «шауып» жатырмыз. Концессия өте күрделі. Егер инвестицияларды тартуды мақсат етсек, онда инвесторлар «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заң бойынша жұмыс істегісі келеді», – деп түсіндірді «МЖӘ және концессия сарапшылары орталығы» ҚБ ӨРҰ кеңесінің төрағасы Талғат Матаев.

Жиын соңында кеңес мүшелері Ұлттық экономика министрлігіне бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттіктеріне бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескеруді, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкерлер үшін ұсынылатын шаралар шамадан тыс болмауы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау бөлігіндегі мәселені пысықтауды ұсынды.

«Біз бизнестің бастамалары мен тәуекелдеріне қатысты мәселелердің бір бөлігін алдық. МЖӘ механизміне деген қызығушылық жоғалмауы үшін консенсус табу қажет. Экономикаға қолайлы жағдай жасау және инвестициялар тарту қажет. МЖӘ-келешегі бар құрал. Тартымды ұсыныстарды жинақтап, басымдықтарды белгілеп, заңнама мен НҚА-ға өзгерістер енгізіп, олардың іске қосылуын қадағалау қажет», – деп атап өтті депутат Самат Ақышев.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер