Елордалық кәсіпкерлер 5 млн теңгеге дейін грант ала алады
1 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беру жөніндегі байқауға қатысу үшін кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау басталады.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында байқауға қатысу шарттары түсіндірілді.
«Қазіргі кезде Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден байқауға қатысуға қатысты сұрақтар легі түсіп жатыр. Осыған байланысты біз Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілі Айжан Нұрматованы арнайы шақырдық. Маман әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында барлық сұраққа жауап берді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Бейсен Жолболдиев.
Айжан Нұрматов өтінімдерды қабылдау 1-15 сәуір аралығында болатынын хабарлады. Өтінім онлайн форматында ғана қабылданады, оны https://www.qoldau.kz/ порталында беруге болады. Қабылдау 1 сәуір сағат 00:00-де басталады.
Грант алуға байқау іріктеуіне өз қызметін экономиканың басым секторлары шеңберінде жүзеге асыратын және байқау іріктеуіне құжаттарды толық көлемде ұсынған тіркелген кәсіпкерлер (ЖК және ЖШС) қатыса алады.
Әрбір қатысушы грант беруге арналған қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жобаны ұсына алады.
Үміткерлердің мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша салықтық немесе өзге де берешек түрлері болмауы тиіс.
«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде (бұл талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті емес) кәсіпкердің оны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік); кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы – бизнес-жобаға қойылатын міндетті шарттарының бірі», – деді Айжан Нұрматова.
Мемлекеттік грант қаражаты тауарларды шығару немесе қызметтерді көрсету үшін қажетті негізгі құралдар, шикізат пен материалдарды сатып алуға; материалдық емес активтер, технологиялар, кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзинг) құқықтарды сатып алуға пайдаланылуы мүмкін. Қаражатты, сондай-ақ, зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығындарға пайдалануға болады.
Бизнес-жоспарды іске асыру мерзімі келісімшартқа қол қойған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.
Жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын қоспағанда кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяны іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен аудару арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімді қарау кезінде басты критерийлер қатарында – бизнес-идеяның жаңашылдығы, (талап халықтың әлеуметтік осал топтар, оның ішінде 3-топтағы мүгедектер үшін міндетті емес); бизнес – жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау-маркетингтік талдау); бизнес-жобаның енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны іске асыруңа үй-жайдың болуы, жобаны орналастыру үшін бизнес-жобаның өткізу нарығы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі).
Бұл ретте бизнес-идеяның жаңашылдық критериіне мыналарды көздейтін жобалар жатады:
- нақты елдімекенде немесе ауылдық округте бұрын өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыс орындау;
- нақты елдімекенде немесе ауылдық округте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдану.
Жобаға қатысушы кәсіпкерлер өтініммен қоса төменге көрсетілген құжаттардың PDF нұсқасын қоса жібереді:
1) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолы және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
2) кәсіпкердің ұлттық жоба шеңберінде оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса);
3) бизнес-идеяны іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттарының бірі – ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде (бұл талап халықтың әлеуметтік осал топтары үшін міндетті емес) кәсіпкердің оны іске асыруға арналған қаржының болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің шотыда қаражат барын растайтын банк шотынан жазба немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде 3-топтағы мүгедектігі бар азаматтарды қоспағанда);
4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу статусының болуын растайтын құжат;
5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі.
«Биыл мемлекеттік гранттарға 345 миллион теңге бөлінді. Егер толық көлемде есептейтін болсақ, 69 грант бөлінеді», – деп қорытындылады Айжан Нұрматова.
Тікелей эфирмен толығырақ сілтемеге өтіп, таныса аласыз:
https://www.facebook.com/groups/AstanaBiz/permalink/1633837470308860/
Пікір қалдыру:
Пікірлер: