«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» шетелдік бизнес өкілдеріне бірыңғай сервис терезесін құру жұмысын бастады

2022 жылғы 28 Наурыз
9377 просмотров

Қазақстан аумағында шет елдерден өндірістік қуаттарды көшіру есебінен өндірістік секторды қолдау мен дамыту мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз өндірісін ҚР аумағында орналастыруға мүдделі шетелдік бизнес өкілдеріне бірыңғай сервис терезесін құру жұмысын бастады.

 Бұл бағытта Ұлттық палата төменде көрсетілген қызметтер бойынша жұмыс жасауға дайын екенін хабарлайды: 

  • Маркетинг қызметтері;
  • Жергілікті серіктестерді іздеу;
  • b2b байланыстарын орнатуға жәрдемдесу;
  • Компанияларды тіркеу;
  • Кеден және логистика салалары бойынша қызметтерді көрсету;
  • Заңгерлік қызметтер;
  • Лицензиялар мен СТ-1 тауарлардың шығу түбі сертификаттарын алу;
  • Өндірістерді орналастыру, соның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардан орын іздеу.

«Қазақстанның сыртқы сауда палатасының жұмысы аясында ҚР аумағында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус, сондай-ақ шетелдік сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ақпараттық бюллетень таратылды», – деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілдері.

Бұл бағытта «Атамекен» ҚР ҰКП-ның ресми сайтында қажетті ақпарат жарияланған. Сонымен қатар кеңес алу үшін +7 701 874 99 96, +7 777 952 39 23 жедел желі іске қосылды. Барлық сұраққа қатысты info.icc.kz@gmail.com поштасына жазуға болады.

 

           


Еншілес ұйымдар

Серіктестер