Ішкі нарығымызды қамтып, тек артығын шетелге сату керек – Ербол Есенеев астық туралы
Әлемде болып жатқан экономикалық жағдай елдегі шаруаларды да тығырыққа тіреді. Бірқатар мәселе туындады. Тұқым жете алмай, құрал-жабдық және егінге қажеттің бағасы қарыштап кетті. Сондықтан қазір өзімізді ойлап, елдегі астықтың артығын ғана шетке шығару керек. Келесі науқан кезінде бидай алғанша нарығымызды толық қамтамасыз етуіміз міндет. Мұндай пікірді «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев айтты.
«Басты мәселе – егістік жұмыстарын дұрыс өткізу. «Мал азығы жан азығы» дегендей, бүкіл егістік жұмысын толығымен өткізу керек. Басқа елдерде болып жатқан жағдайды өзіңіз де көріп отырсыз. Ресейде шетелге бидай, өсімдік майларан шығаруға шектеу қойылды. Оған қоса Қырғызстан алты айға тап сондай шектеу қойып отыр. Осының бәрі бізге үлкен бір сынақ болып тұр. Біріншіден, Ресейден 22 мың тоннадай тұқым әлі кіргізілген жоқ. Оған 12 мың тоннаның ақшасы да төленді. Сол мәселе күрделі болып тұр», – деді Ербол Есенеев.
Сарапшының айтуынша, екінші мәселе – отандық нарығымызды қамтамасыз ету, соның ішінде бидайымыз бар, ұнымыз бар, малдың азығы бар. Келесі науқан кезінде бидай алғанша өз нарығымызды толық қамтуымыз керек.
«Соңғы уақытта бидайдың бағасы 1,5 есе өсті. Қазіргі баға 1 тоннасына 150 мың теңгені құрап отыр. Ол бидайды Сарыағашқа жеткізген кезде тоннасына 165 мыңға дейін жетеді. Еуропалық бағасы 250 мың теңгеден асып, 400 еуродан артады. Нақты қазір әлемде бидайға, тамаққа үлкен сұраныс болып тұр. Украинадағы жағдай әсерін тигізіп отыр. Неге десеңіз, Украинаның өзі майлы дақылдар бойынша әлемдік нарықтың 30 пайызын құраған. Бидай нарығының 10 пайызын құрайды. Содан жалпы бүкіл әлемде дағдарыс болып жатыр деп айтуға болады», – ішкі нарықты тұрақтандыру, бағаның өсуіне жол бермеу», – деді ол.
ҰКП маманы бидайдың өзін біз ішкі нарықтағы сұраныстан бөлек экспортқа екі есе артық шығаратынымызды атап өтті. Ол жағын да ойлау керек. Ішкі нарығымызды қамтып, тек артығын шетелге сату қажет.
«Біздің есебіміз бойынша бидай сол 6 миллон тоннадан артық болмайды. Алты млн ішінде 3 млн тоннасы ішкі нарығымызға керек. Қалған 3 млн тоннадай шығаруға дайын өнім. Ол ұн бола ма, бидай бола ма, қарау керек», – деді ол.
Қазір үкімет мәселені шешудің үш нұсқасын қарастырып отыр. Соның кейбірімен маман келіспейді. Оған өзіндік себеп бар.
«Біріншіден, толық шектеу шығармау, оған, әрине, біз қарсымыз. Неге десеңіз, қалыптасқан нарығымыз бар. Ауғанстан, Өзбекстан, тағы басқа елдер біздің бидайға тәуелді, мүдделі. Екінші ұсыныс – шектеулі мөлшерде шығару. Меніңше, оны тағы бір санау керек: қаншалықты, қай мөлшерінде сатуға болады, қаншалықты өзімізге ішкі нарықта қалдыруымыз керек. Үшінші сұрақ: ҚҚС, қосымша шикізат ретінде шығарған кезде қосымша құн салығын қолдану. Бірақ оған енді біздің де бір шектеуіміз бар, жалпы мынау ЕАЭО көршілес елдермен ортақ нарық туралы келісімге қол қойылған. Сондықтан оған кішкене келісімшартқа сәйкес келмегесін оған да сол шараларды қолдануға болмайды», – деп түсіндірді Ербол Есенеев.
Сарапшының мәліметінше, Канада, Ресейдің ғалымдарының тұқымы біздің ғалымдардан артық істейді деп айтуға болады. Олардың қуаңшылыққа төзімді тұқымдарды көп шығарады да, сондықтан сондай тұқым шаруалар арасында сұранысқа ие. Мысалы қуаңшылық бар, екінші жағынан жаңа түрлері бар. Жүгерінің 90 пайызы шетелден әкелінетін тұқымдар. Майлы дақылдар да көбіне шетелден келеді. Гибридтік тұқымдарды бізде шығара алмайды. Сол себепті маман АШМ жеке шаруашылықтармен бірлесіп, ұзақ мерзімде арнайы бағдарлама жасау керегін ұсынды.
«Неге десеңіз, енді биылғы болған жағдайға қарасақ, біреуге қарап отыруға болмайды. Тұқымымыз бар, өсімдік шаруашылығынан басқа өзіміздің малдың да тұқымы бәрін өзімізде, жергілікті осы біздің климатқа бейімделген сондай тұқымды дамыту керек. Ол – үлкен жұмыс, бір жылда шешілмейді. Әрине, оған 5-10 жыл уақыт, қосымша қаражат керек. Ештеңені ойлап табудың керегі жоқ. Тек шетелдегі ғалымдардың шығарған тәжірибесін қосымша пайдалана отырып, соны іске қосуымыз керек», – деп түйіндеді ҰКП сарапшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: