«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылысшылар саланы қолдау бойынша ұсыныстарын айтты

2022 жылғы 18 Наурыз
6707 просмотров

Құрылыс саласының өкілдері «Атамекен» ҰКП-ның Үкімет жанындағы  ұлттық жедел штабқа проблемалар мен ұсыныстарды жинау жөніндегі жұмысы шеңберінде құрылыс саласын қолдау жөніндегі бастамаларды атап өтті.

17 наурызда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтетін дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы шеңберінде құрылыс саласын дамыту мәселесі қаралды.

Қазір орын алған экономикалық және геосаяси ахуал, валюта бағамының құбылуы, Ресейге қарсы санкциялардың салынуы, кедендік рәсімдеу және көлік логистикасын өзгерту мәселелері жағдайында мердігерлік ұйымдар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде де, жеке құрылыста да құрылыс жобаларын іске асыруда айтарлықтай қиындықтарға тап болды.

Салалық қауымдастықтар және құрылыс компаниялары өкілдерінің айтуынша, валюта бағамының тұрақсыздығы, құрылыс материалдарына, соның ішінде импорт өніміне бағаның тоқтаусыз өсуі және материалдардың ықтимал тапшылығы тұрғын үйді салу бағасының қымбаттауына әкеледі.

  Анықтама: құрылыс кмпанияларының мәліметі бойынша осы жылдың қаңтарынан бастап арматураның бағасы орта есеппен 17%-ға көтеріліп, 480 мың теңгеге жеткен. Арматурамен қатар металл прокат 25-30%-ға, кірпіш 30%-ға, мыс кабелі 17%-ға, қиыршық тас 14%-ға, қыш тақтасы 17%-ға, құрғақ қоспалар 13%-ға, жылу оқшаулауғыш, су өткізбейтін материалдар 13%-ға полипропилен құбырлар 20%-ға өскен.

Құрылыс құнының қымбаттауы бюджет қаражатынан қаржыландырылатын құрылыс жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың жағдайына неғұрлым қатты әсер етеді.

Құрылыс құнының қымбаттауымен қатар, саланың барлық өкілі мемлекеттік тапсырыстарды іске асыру кезінде тапсырыс берушілер тарапынан жобаларды тиімсіз жоспарлау және уақтылы қаржыландырмау, жобалардың құнын түзету рәсімінің күрделілігі, сметалық бағалар жинақтарын қалыптастыру, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысты проблемалар барын атап өтті.   

 Сала өкілдері осы мәселелер қабылданған міндеттемелерді дұрыс орындамау құрылыс мерзімдерін бұзу қаупін еселейтінін және мердігерлерге де, тапсырыс берушілерге де кері әсер тигізетінін айтты.

 Атап өтілгендей, бизнес мемлекеттік тапсырыс аясында құрылыс жобаларын іске асыру бойынша ғана емес, сонымен қатар жеке инвестициялар мен үлескерлердің тартылған қаражаты есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй құрылысы бойынша да проблемаларды көтеріп отыр.

Осылайша, құрылыс салушылар төлемге қабілетті сұраныстың төмендеуі ипотека мен несиелер бойынша келісімшарттардың қатаңдатылуы және мөлшерлемелердің артуы, әкімдіктердің тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларын жасанды түрде қысқартуы, нарықтағы сапасыз ұсыныстың өсуі, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның болмауы және т. б. проблемаларды атады.

Нарық субъектілерін Алматы қаласы бойынша жағдай алаңдатады. Онда  тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларын қайта қарауға байланысты жергілікті атқарушы органдар құрылыс салушылардың жаңа жобаларын іске асыру үшін жасанды кедергілер жасайды, бұрын берілген рұқсат құжаттары кері қайтарылып алынуда.        

Құрылыс салушылардың пікірінше, осы проблемалар халық арасында әлеуметтік шиеліністі тудыруы мүмкін. Өйткені бұл жайт тұрғын үй көлемінің орта есеппен 40%-ға төмендеуіне, тұрғын үй бағасының өсуіне, оның ішінде қайталама бағаның өсуіне, жұмыс орындарыныың жамыбуына, проблемалық үлескерлердің пайда болу қаупінің өсуіне ықпал етеді.

Орын алған проблемаларды шешу мақсатында Ұлттық палата салалық қауымдастықтар мен құрылыс компанияларының өкілдерімен бірлесіп, жедел және жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған шаралар пакетін әзірледі. Оларды ҰКП Төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович жедел штаб отырысында жариялады.

Өз кезегінде, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, штабқа салалық министрлік ұсынып отырған саланы қолдау шаралары туралы хабарлады.

Осылайша, министрлік қазіргі нарықтық бағаларды ескере отырып, сметалық бағалар мен бағалар жинақтарын жедел қайта қарау, тапсырыс берушінің орындалған жұмыстар актілеріне қол қою мерзімдерін заңнамалық тұрғыда қысқарту, түзету рәсімінің қысқаруымен қымбаттау болған жобалардың сметалық құнына түзету жүргізуге қатысты бизнес ұсыныстарын қолдады.

Коммерциялық тұрғын үй құрылысы нарығын қолдау мақсатында министрлік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1 ш. м. құнын қайта қарау, үлестік қатысу келісімі объектілері бойынша Қазақстан трғын үй компаниясының кепілдігін алу тәртібі мен шарттарын оңайлатуды, бас жоспарларды және егжей-тегжей жоспарлау жобаларын және т. б. іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жерді мемлекет мұқтажы үшін алып қою мүмкіндігін қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бизнес-қоғамдастықтың басқа мемлекеттік органдардың позициясы талап етілетін ұсыныстарын талқылау жалғасатын болады.

 Комитет төрағасы Александр Белович Үкімет қабырғасында айтылған шаралар құрылыс саласындағы бизнес-қоғамдастығының шоғырландырылған позициясы және саланың ондаған мың ұйымдарының мүддесін қозғайтынын айтты. Бұл шаралар жедел әрі жүйелі де сипатқа ие және «өртті сөндіруге» ғана емес, сонымен қатар құрылыс саласының одан әрі дамуына тікелей әсер ететін саланың жүйелі проблемаларын шешуге бағытталған.

«Құрылысшылар бірнеше дағдарысты өткерді. Мемлекет дағдарыс жағдайында жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын тұрақтандыру мақсатында қаржыландыруды ұлғайта отырып, бізге қиындықтарды еңсеруге әрдайым көмектесті. Өйткені құрылыс саласы 700 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал мультипликативтік әсерді ескерсек, бұл көрсеткіш шамамен 3 млн адамға жетеді. Үкімет бизнес ұсынатын шараларды қолдайды және біз жұмыс орындарын ғана емес, құрылыс қарқынын да сақтай аламыз деп үміттенеміз», – деді Александр Белович.

Егер бизнесіңіз зардап шексе, өз деректеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін +7 778-870-1432 WhatsApp нөміріне жолдаңыз. Сонымен қатар Ұлттық палатаның байланыс орталығына мына телефондар арқылы хабарласуға болады:


Еншілес ұйымдар

Серіктестер