«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қытайдан жүк тасымалдаудың кешенді шешімдері

2022 жылғы 11 Наурыз
3976 просмотров

Логистика мәселелері әлі де назарда қалып отыр. Қытай Халық Республикасынан жүкті теміржол арқылы  тасымалдаудың шешімі табылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүкті көлікпен тасымалдау мәселесін шешуге қатысты ұсыныстарды пысықтап жатыр.

 Қазір Қытай-Қазақстан шекарасында көлік құралдарының кептелісі тіркелмеген. Алайда, жүкті жеткізу мерзімі қысқармады. Қытай аумағында (порттар, станциялар), соның ішінде Корея, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен транзитпен келген екі мыңнан аса контейнер тұр.

 Ұлттық палата тұрып қалған контейнерлердің деректерін жинап жатыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және ҚХР теміржол өкілдерімен келіссөздер барысында қытай тарапы қазақстандық контейнерлерді жедел жөнелтуге жәрдемдесетін айтты. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі процесті жеделдетуге қосылды.

  Бұл ретте шекарада қалып қойған жүк көліктерінің электрон кезегі мәселесі әлі шешілмеген.

«COVID-19 пандемиясы басталған кезде Қытай билігі шектеулер енгізді. Соның салдарынан өткізу бекеттерінің жылдамдығы айтарлықтай төмендеп кетті. Егер пандемияға дейін «Нұр жолы» өткізу бекеті тәулігіне 200-ге дейін көлік құралын өткізген болса, қазір тәулігіне небәрі 10-15 көлік өтеді», – деді ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.

 Жүкті жеткізу мерзімі – кәсіпкерлер үшін өзекті мәселе. Өйткені бұл бизнестің қалыпты жұмысына кері әсер етеді. Мұның ішінде шикізаттың кешігуі, келісімшарт аясындағы қатынастарды бұзу қаупі және басқа мәселелер бар. Ұлттық палата бекеттерден өту процедураларын қалай оңтайландырып, жеңілдетуге болатынын түсіну үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, талдау жүргізіп жатыр.

Ұлттық палата мамандары шешім ретінде ҚХР үкіметіне қолданыстағы шектеулерді алып тастау және пандемияға дейінгі шекарадан өту процедурасын қайтаруды сұрап, хат жолдауды ұсынды.

 Процестерді цифрландыру да мәселені шешуі мүмкін. Мысалы халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін халықаралық электрон платформаны енгізу жоспарланған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер