«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды кәсіпкерлеріне су мен жылуға тариф көтерілді

2022 жылғы 01 Наурыз
- Қарағанды облысы
7518 просмотров

Теміртау мен Қарағанды кәсіпкерлері Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасына монополистерге қатысты шағым түсірді. Жарық пен жылу тарататын компаниялар мемлекет басшысы жариялаған  мораторийге қарамастан, бизнес субъектілеріне тарифтерді көтерген.

Бұл мәселе Қарағанды облысының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің 59-шы отырысында қаралды. Палата сарапшысы Игорь Кветинский мораторий кезеңінде тарифті көтерудің заңды негізі жоқ екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында халыққа реттелетін коммуналдық қызметтер, атап айтқанда, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау және электр энергиясымен жабдықтау тарифтерін көтеруге мораторий енгізілді. Бұл мораторий 2022 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленген.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында: Үкімет баға белгілеу мен тарифтер мәселесімен жүйелі әрі нақты айналысуы қажет. Бұл табиғи монополистердің тауарлары мен қызметтеріне де қатысты. Біздің елімізде тамақ пен киімнен бастап, түрлі қызметтердің құнына дейін бағаның жоғары екені жасырын емес» деп жазылған», – деді заңгер Игорь Кветинский.

 Қарағанды мен Теміртауда тарифтер суық және ыстық суға өскен. 2021 жылы Қарағандыда судың бір текше метрі – 717,44 теңге болса, 2022 жылы бұл сан 807,4528 теңгеге өсті.  Ыстық су тарифі 1 текше метр үшін 153,65 теңге болса, қазір – 245,2576 теңге.

Теміртауда да жағдай сондай. 2021 жылы суық суға арналған тариф 1 текше метрге – 164,864 теңге еді,  2022 жылы –197,8368 теңге болды.

Ал Қарағанды облысының табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары тұрғындарға белгіленген тарифтер өткен жылдың деңгейінде қалғанын, жоғары тариф тек бизнес субъектілері үшін жасалғанын айтты. Бизнес субъектілеріне тариф соңғы рет 2020 жылы алдағы бес жылға кезең-кезеңмен өсетіні көрсетіліп бекітілген. Пандемияға байланысты 2021 жылы тариф көтерілмеді. Бес жыл ішінде тарифтің орташа өсуі шамамен 20 пайызды құрауы тиіс.

 «Биыл мораторий 180 күнге, яғни 1 шілдеге дейін қойылды, бірақ бұл жеңілдік тек халыққа арналған. Жергілікті атқарушы органдардың келісімімен жеке тұлғалар үшін мораторий енгізу туралы шешім қабылданды. Енді монополистердің шығыны көп.  Тарифтің бұрынғы деңгейінде қалуы инвестициялық бағдарламалар, жөндеу жұмыстарының орындалмауына және еңбекақы төленбеуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл шешімнің өзі мнополистреге ауыр тиді.  Біз бизнестің алаңдаушылығын түсінеміз, бұл шешім бәріне бірдей әсер етпеді. Бірақ өзгерту немесе бекіту туралы бұйрықтарды шешу кезінде бізге ресми келісулер қажет емес. Мәселе әлеуметтік сипатта екенін ескере отырып, барлығы жергілікті атқарушы органдармен келісілді», – деп атап өтті ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Сыздықов.

Палата заңгерлері бұл мәселе бойынша жоғары тұрған инстанцияларға өтініш жолдады.

«Комитет өзі тағайындаған мораториі кезінде тарифтерді көтеруге және өзгертуге құқыла ма деген сұрақ туындайды кәсіпкерлерде. Біз Палатадан өтінішті прокуратураға, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолдадық. Бұған қандай негіз барын білу үшін жауап алғымыз келеді», –- деп атап өтті сарапшы Игорь Кветинский.

Кеңесте монополия саласындағы газ компанияларын тексеру жөніндегі екінші мәселені талқылауда үлкен дау болды.

 Палатаға газ өткізетін компаниялар олардың монополия саласындағы қызметіне жүргізілген тексеру мәселесі бойынша жүгінді. Тексеру нәтижесін зерттей келе, мамандар бұл тексеру барысында нарықтағы нақты жағдайды көрсететін объективті тәсіл қолданбаған деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, өткізу кезінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген негізгі рәсімдер, атап айтқанда монополияға қарсы органды тергеу және тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау процедурасы сақталмаған.

 «Осы мәселеге облыс прокуратурасы назар аударғанын қалаймыз. Тексеру нәтижелері газдың сатып алу емес, өткізу бағаларын салыстыру көрсетіліп, беріледі. Осы ретте баға белгілеудің қатынас талдауы мүлде жоқ.  Облыс прокуратурасы шешім қабылдаған кезде осы компаниялардың сату бағасы соңғы тұтынушы үшін ең төмен баға екеніне назар аударуыңызды сұраймыз», – деді Қарағанды облысы ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімінің бастығы Азамат Дәнбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер