Нариман Әбілшайықов: Бизнеске Парламенттің қолдауы қажет
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнестен барлығы 254 түйткілді мәселе келіп түсті. Проблемалардың басым бөлігі топ-5 сала: АӨК және ауыл шаруашылығы; логистика және тасымалдау; туризм; білім беру және өңдеу өнеркәсібіне қатысты.
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бизнес-қауыдастықпен кездесті. Шараға «Атамекен» басқарма төрағасының м.а. Нариман Әбілшайықов қатысты.
«Атамекен» ҰКП мәліметі бойынша кәсіпкерлер Қазақстан-Қытай шекарасында контейнерлердің тұрып қалуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу, жеке білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландырудың тең болмауы, өңірлік перспективалық жоспарға медициналық ұйымдарды енгізу регламентінің болмауы және маусымдық демалыс базаларында алкоголь өнімдерін лицензиялау сияқты проблемаларға жиі тап болатыны анықталды. Мысалы, 460 орналастыру орны жұмыс істейтін Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс базасы жыл он екі айға лицензия төлейді, бірақ іс жүзінде бір жылда 3 ай ғана жұмыс істейді.
«Бүгінгі мақсатымыз мәселелерді зерделеп, нақты міндеттерді белгілеу. Бизнесты сақтап қана қоймай, оның технологиялық және қаржылық тұрғыда дамуына жәрдемдесу», – деді кездесуде Мәжіліс депутаты Азат Перуашев.
Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, кәсіпкерлерді тауарға жөнелтпе құжатты рәсемдеу мәселесі де толғандырады. Бизнестің шығыны 241 млрд теңгені құрады.
«Нақты түсініктеме жоқ, есесіне тауарларға жөнелтпе құжат, ЭШФ, көлік-техникалық жүкқұжат және 328 форма бар. Мемлекеттік кірістер комитеті үш түрлі құжатты жинайды, сол құжаттарда сұралған ақпарат көлемінің шамамен 70%-ы қайталанады. Бұл мәселеде сіздердің қолдауыңызды сұраймыз», – деді Нариман ол.
Агроөнеркәсіп кешенін субсидиядау да өзекті мәселе болып отыр. Соңғы бес жыл ішінде субсидиялау ережесіне 46-дан астам өзгерту енгізілген.
«Осы мәселелердің барлығын шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу керек. Сондықтан бизнеске Парлементтің қолдауы қажет», – деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.
Ал қаңтарда зардап шеккен бизнеске залалды өтеудің процессі жайында Алматы қаласы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев айтты. Спикер салықтарды біріктіру және қаңтар оқиғасы барысында зардап шеккен ірі бизнесті қолдау бойынша ұсыныстарын айтты. Өйткені қазір ірі бизнес қалпына келтіру процесін серіктестеріне жүктей бастады. Сондай-ақ, Максим Барышев бизнесті тексеруге мораторий мерзімін ұзарту және есептерді қабылдаудың бірыңғай орталығын ашу қажеттігін айтты. Өйткені қазіргі кезде кәсіпкерлер есептерді 8 түрлі органға тапсырады. Аудит жүргізіп, бірін-бірі қайталайтын, қажет емес есептерді алып тастау керек.
Сонымен қатар кәсіпкерлер білім беру, медицина және құрылыс саласындағы проблемаларды көтерді.
Азат Перуашев кәсіпкерлерге бүгін көтерілген мәселелер бойынша «Ақ жол» партиясы фракциясының отырысы өтетінін, партия барлық кедергіні жоюға көмектесу және қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: