«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Петропавлда фанера шығаратын зауытқа шикізат жетіспейді

2022 жылғы 23 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10158 просмотров

Бүгін «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС өкілдері бұл мәселені СҚО кәсіпкерлер палатасы басшылығы және өңірге жұмыс сапарымен келіп, кәсіпорында болған Мәжіліс депутаттары алдында көтерді.

 «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС – ылғалға жоғары төзімді үлкен форматты фанера шығаратын заманауи кәсіпорын. Зауыт өткен жылдың басында іске қосылған. Оның өндірістік қуаты жылына 20 мың текше метрден астам ламинатталған фанера шығаруға қауқарлы жабдықпен қамтылған. Шикізат ретінде Ресей мен Қазақстаннан 100% қайың қабығы қолданылады. Бүгінгі таңда компанияда шамамен 150 адам жұмыс істейді.

 Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов және Дмитрий Колода комбинат жұмысымен танысып, өндірістегі проблемаларды білді.

 СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметовтың айтуынша, «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС-нің негізгі проблемасы –   шикізаттың жетіспеушілігі. Соның салдарынан зауыт толық қуатында жұмыс істей алмайды. Мұндай жағдай өткен жылдың екі айы бойы болған. Шикізаттың тапшылығы биыл ҚР Экология министрлігінің орман шаруашылығына он жылда бір рет түгендеу жүргізуімен тіпті қиындай түсті.

 «Кәсіпорын басшылығы жеке өндірісті кеңейтіп, 300-ге жуық адамды жұмыспен қамту мақсатында облысқа 10 млн доллар инвестция салуға дайын. Алайда қазіргі кезде шикізаттың жетіспеушілігі зауыт жұмысын тежеп отыр. ҚР Экология министрлігі жүргізіп жатқан орман шаруашылығын түгендеу жұмыстары шикізат тапшылығын туындатты. Түгендеу жұмыстары жылдың аяғына дейін жүргізіледі. Соның салдарынан орман шаруашылығындағы барлық сатып алу, тендерлер тоқтатылып, кәсіпорын өндіріске шикізат таппай отыр», – деп атап өтті Әлибек Әшметов.

 Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені Үкімет деңгейінде шешу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына жеткізуге ниетті. Орман шаруашылықтарына да қатысты сұрақтар бар. Оларға ағашты терең өңдеуге зауытқа беруден гөрі, кесілген орманның бір бөлігін құрылыс материалдары түрінде сату тиімдірек көрінеді.

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов және Дмитрий Колода да бұл мәселені республикалық деңгейде көтеруге уәде берді.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер