«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызметін дер кезінде орындамаған шенеунік жауапқа тартылды

2022 жылғы 23 Ақпан
- Қостанай облысы
12513 просмотров

Лисаков қаласының шенеунігі Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының мамандарына дер кезінде жауап бермегені үшін жазаланды.  Қызметке немқұрайлы қарау салдары істі сотқа дейін жеткізген.

Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер жүгініп, кәсіпорнына кедергі келтіріп тұрған мәселені шешіп беруді сұрады. Шенеунік кәсіпкердің фирмасын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы тізіліміне енгізуге тырысқан. Бұған бизнес субъектіне жылу трассасын қайта құру бойынша орындалмайтын шарттарды ұсыну негіз болған», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Ренат Дәулетпаев.

 Мұндай ситуацияларды өзара қолайлы шешімдер қабылдау арқылы дауларды сотқа дейін реттеу шеңберінде шешуге болады. Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы жағдайды зерттеп, кәсіпкер мен құрылыс бөлімінің басшысы арасында туындаған дауды сотқа дейін реттеу туралы жазбаша өтінішпен жүгінді.

 Нәтижесінде бөлім жетекшісі заң талабын елемей, жауапты 3 ай өткен соң жіберді. Осы уақыт аралығында Кәсіпкерлер палатасы және бизнесмен сотта жеңіске жетті. Сот кәсіпорынды жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізу талабын кері қайтарды.

 Палатаға жауап мерзімнен кешігіп түскендіктен, кәсіпкер сот дауларына тартылды. Бизнес үшін бұл уақыт жағынан да, қаржы жағынан да шығын әкеледі.

Мәселені тез шешу мақсатында Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігіне жүгінді. Әкімдік орын алған бұзушылық фактісімен келісіп, кейін Лисаков қаласы әкімінің өкімімен құрылыс бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектнің құқығын өрескел бұзғаны үшін шенеуніктің өз лауазымына сәйкестігіне қатысты мәселені көтеріп жатыр. Шешім тәртіптік іс жүргізу нәтижелері бойынша қабылданады.

«Бизнес мүддесін қорғау – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Бизнестің әрбір үндеуін біз өте мұқият қараймыз. Бұл жұмыс орын алған жағдайды, сонымен қатар себептің  кемшіліктерін жоюды зерттеуден басталады», – деп атап өтті Палата директоры Данияр Күзенбаев.

2021 жылдың ішінде ӨКП 154 шағымды қарады, соның ішінде 77-сі оң шешілген. Осы жылдың басынан Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы 14 шағымды қарап, соның ішінде төртеуі кәсіпкер пайдасына шешілген, қалғаны қаралу үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер